ҚазҰУ-дың әскери кафедрасындағы семинар

18.10.2019

Көрулер: 3357

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жастарымен әскери-патриоттық жұмысты күшейту және орта мектептерде бастапқы әскери-технологиялық даярлықты оқыту сапасын жақсарту туралы талаптарына сәйкес, 2019 жылы 17 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында Алматы қаласы Бостандық ауданы мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директорларының орынбасарларымен және алғашқы әскери-технологиялық дайындық басшыларымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға қатысушылар алдында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы запастағы полковник О. В. Ажимов сөз сөйлеп, еліміздің көне ЖОО - ның әскери кафедрасында-әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарихы, құрылымы және әскери дайындық жүйесі туралы айтып берді.

Әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы полковник М.Р.Тоекин қазіргі заманға сай әдістемесімен әскери пәндерді өткізу жайлы баяндап берді. Семинардың барысында әскери кафедраға ашық есіктер күндерінің кестесі келісілді, сонымен қатар АӘД оқытушылары мен мектеп оқушыларымен әскери пәндер бойынша бағдарламалық және көрсету сабақтарды өткізу кестесі талқыланды.

Семинарға қатысушылар әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен, әскери-патриоттық жұмыс орталығымен, Қазақстанның халық батырлары С. Нұрмағамбетов пен Б. Момышұлы атындағы аудиторияларымен танысты.

Алматы қаласының мектеп өкілдерімен, әскери кафедра басшылығымен осындай іс-шаралар жоспарлы негізде жүйелі түрде өткізіліп отырғанын атап өту қажет. Тек 2018-2019 оқу жылында әскери кафедраға әскери-патриоттық бағыттағы түрлі іс-шараларды өткізу кезінде оңтүстік астананың 2000-нан астам оқушысы келді.

www.kaznu.kz