Болашаққа серпін

10.10.2019

Көрулер: 3114

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да КИОТО технологиялық институтының өкілдерімен кездесу өтті. Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға төрт жыл бұрын қол қойылды және бүгінгі күні студенттік тағылымдамалар мен ғылыми алмасулардың жаңа бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда.

Жапон делегациясының ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Тлекқабыл Рамазановпен кездесуі кезінде жаратылыстану ғылымдары саласындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту және тереңдету бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Тараптар студенттерге дәріс оқи алатын профессорлармен алмасуға бағыттарын көтерді. Сондай ақ, профессор, проректор Қ. Рамазанов шетелдік жетекші болу лауазымына ие болғандықтан, ҚазҰУ-дың бір PhD докторатының ғылыми жетекшісі бола алатындығы тілге тиек етілді.

Киото университетінің профессоры Кадзуо Такахаси атап өткеніндей, «соңғы үш жылда үш жазғы мектеп өткізіліп, оған ҚазҰУ-мен 24 студенті қатысты. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Сондай-ақ ҚазҰУ-дың екі студенті біздің университет профессоры тікелей басшылық еткен зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Екі жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастығымыз әрі қарай нығайып, бірлескен жұмысымыз одан әрі қарай жандана береді деген үміттенеміз».

Бүгінгі таңда ҚазҰУ Жапонияның Токио Агрокультура және технология университеті, Васеда университеті, Ракуно Гакуин университеті, Аояма Гакуин университеті, Хоккайдо университеті, Цукуба университеті, Сайтама университеті, Токио шет тілдер университеті, Канадзава университеті, Кейо және мн Университеті сияқты 29 ірі жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста.

Соңғы үш жылда Жапонияда «Жапониядағы мультилингвистикалық жүйе бойынша экономикалық және ғылыми салада кадрларды даярлауға арналған Жаһандық білім беру бағдарламасы" жобасы бойынша академиялық ұтқырлық және тілдік тағылымдама бағдарламасы бойынша 25 магистрант, 24 докторант (Phd), бакалавриаттың 18 студенті және 20 оқытушы болып қайтты.

Университеттің Ғылыми-білім беру ынтымақтастығы Жапон қорымен, университеттермен және ғылыми орталықтармен жүзеге асырылады.

www.kaznu.kz