Мәдени алмасу

07.10.2019

Көрулер: 3379

Оңтүстік Корея университеттері мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасы студенттері арасында корей ұлттық ойындарының фестивалі өтті. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі студенттері мен Сеул ұлттық университеті (Seoul National University) және Коре университетінің (University of Korea) студенттері арасында Корей ойындарының фестивалі өтті. Студенттік кездесу көтеріңкі көңіл-күй аясында өтті. Кореядан келген студенттер тобы өздерінің ұлттық ойындарын паш етті. Іс-шара барысында біздің студенттеріміз де «Ютнори», «Чегичаки», «Сабангчиги» сияқты корей ұлттық ойындарын ойнап көріп, корей мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін іштей сезінді. Сондай-ақ корейлік құрдастарымен жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл шараны өтуіне «Орталық Азия елдерінің университеттері студенттерінің арасындағы мәдени алмасу» бағдарламасы аясында Корея Республикасының Корей тілін зерттеу ұлттық институты үлкен үлес қосты. 

www.kaznu.kz