Студенттік достық

18.09.2019

Көрулер: 2880

Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі жыл сайынғы "Сонбе және Хубэ кездесуі" атты студент мәртебесіне ие болу іс-шарасын өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультетінің Үлкен залында Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі жыл сайынғы "Сонбе және Хубэ кездесуі" атты студент мәртебесіне ие болу іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға 1-4 курстардың барлық студенттері қатысты. Әрбір курс студенттері музыкалық нөмірлерін дайындап, әдеби өнерлерін паш етті. Осылай студенттер бір-бірін жаңа оқу жылымен және жаңадан түскен студенттердің араға қосылуымен құттықтады. Биыл бұл іс-шара корейлердің ұлттық мекерекесі - Чусокпен (Астық жинау күнімен) қатар өткізілгенін айта кету керек. Әрбір студенттің алдында мерекелік корей ұлттық тағамдары Сонгпён мен Инджольми және де әртүрлі басқа тағамдар мен сусындар болды. Осындай іс-шаралардың арқасында корейтану бөлімінің студенттері бір-бірлеріне алдағы жаңа семестрде сәттілік тілеп, жақын араласып кетті. 

www.kaznu.kz