Васэда университетінің студенттері ҚазҰУ-дағы жазғы мектепке қатысты

16.09.2019

Көрулер: 411

ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасына жазғы мектеп аясында профессор Огихара Атсуши бастаған Васэда университетінің докторанттары, магистранттары мен студенттері келді.

Биыл «Study Tour KazNU - Waseda» 20-шы рет өткізілуде. Осыған орай кафедраның кітапханасы Васэда университетінен сыйлық ретінде қабылданған жапон тілін үйренуге арналған оқу және анықтамалық материалдармен толықтырылды. Бұл аптадағы танымдық оқиғалар тізбегінде қазіргі жастар үшін анағұрлым қызықты болып саналатын мәселелерді талқылаудың, әрі екі серіктес-университет студенттері өздерінің презентацияларын ұсынудың тамаша алаңына айналған халықаралық студенттік симпозиумды, Хоумстей (мәдениеттер диалогы) бағдарламасын және екі елдің тарихы, мәдениеті және білім беру жүйесі туралы екі университет оқытушыларының күнделікті дәрістерін атап өтуге болады.

Осындай іс-шаралар екі университет арасындағы қарым-қатынастардың нығаюына ғана емес, сонымен қатар, жапонтану саласының болашақ маманы ретінде студенттердің білім алуға деген ынтасын дамытып, құлшынысын арттырады.

www.kaznu.kz