Тұғырлы тұлға

16.09.2019

Көрулер: 3268

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қатаев Тұрғанбек Қатаұлының 100 жылдық мерейтойына орай «Қоғам. Білім. Тұлға» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараға еліміздің барлық аймақтарынан келген қоғам қайраткерлері мен ғалымдар жиналды. «Тұрғанбек Қатаев студент жастарды сүйе білді, олар да өз ұстаздарын аса құрмет тұтты. Қандай кездесулер болмасын оқытушылар, докторанттар мен студенттер Тұрғанбек Қатаевты аса ықылас қоя тыңдап, құрметпен қарсы алды. Ол әр уақытта студенттермен кездесіп, олардың жағдайларымен тікелей танысуды өзінің басты парызы деп білді. Тұрғанбек Қатаевтың есімі Қазақстан тарихында халыққа білім берудің ірі ұйымдастырушысы ретінде үлкен әріппен жазылатыны анық. Еліміздің жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында, республикамыздың кез-келген мектебінде оның көптеген шәкірттері жемісті еңбек етуде» - деді Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Берекет Кәрібаев.

Шара аясында Қазақстанның жоғары білім саласында жылдар бойы қызмет еткен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрғанбек Қатаевтың өмірі мен қызметі туралы естеліктер айтылып, «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

www.kaznu.kz