Көшбасшылық дәріс

07.09.2019

Көрулер: 3062

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің Бизнес-технологиялар кафедрасы «Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының бірінші курс студенттеріне көшбасшылық тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрістің негізгі спикерлері – «Pride Logistics service» ЖШС-нің бас директоры, MBA Жұлдыз Абдығаппарова және «TABAM» маркетинг саласындағы сандық-зертханасының (digital-lab) негізін қалаушы Берік Бекмурзаев.

Спикерлер өздерінің сәтті бизнесті құрудағы көшбасшылық тәжірибесімен, нақты өмірде қажет эмоционалды төзімділік дағдыларымен, мансаптық өсудің мотивациялық тізімімен бөлісті. Сонымен қатар маркетолог пен логисттің іс жүзіндегі рөлі мен маңызды дағдылары туралы айтты. Студенттер дәрісті белсенді тыңдап, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Спикермен кездесу өте қызықты және пайдалы болғандықтан, кейбір студенттерді жаңа бастамалар мен ұмтылыстарға итермеледі.

www.kaznu.kz