Үндістан хинди Орталық институтындағы кәсіби дайындық курсы

25.08.2019

Көрулер: 4165

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің үндітану бөлімі оқытушылары ҚР Үндістан Елшілігі және Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылған Үндістандағы Кендрия Хинди Санстхан институтында екі апталық кәсіби біліктілікті арттыру курсын өту мүмкіндігін алды.

Үндістандағы Агра мен Нью-Дели қалаларындағы Орталық Хинди институтында ақпараттандырылған біліктілікті арттыру курсы өте тиімді, әрі пайдалы өткен. Аталмыш сапарға үндітану бөлімінің оқытушылары Шынар Канафьева, Айдана Тұрар, Назым Оспан, Меруерт Пернеқұлова барды. Институттың оқыту әдістері мен тәжірибеде қолдану туралы жан-жақты білім мен тиісті ақпараттар алды. Сонымен қатар ҚазҰУ оқытушылары білікті мамандармен жақсы және достық қарым-қатынас орнатқан. Студенттерді оқыту процессі бойынша көптеген жаңа және маңызды ақпараттар алып, курс барысында Өзбекстаннан келген хинди-урду тілдерінің мамандарымен де кездесуге мүмкіндік беріліп, келешекте ынтымақтастықты орнату жоспарланған.

Курс барысында Үндістандағы тарихи және мәдени орындарды таныстырып, Агра, Сикандра бекінісі, Тадж-Махал, Матхурадағы Кришна ғибадатханасы, содан кейін Үндістан астанасы Делиде Кутуб Минар, Акшардхам, Лотус ғибадатханасы, Джама масджид мешіті сияқты көрнекі жерлерді көруге мүмкіндік жасалған. Үндістанның талай ғасырлар бойғы сәулет өнерінің алуан түрлілігі мен сәнділігі келген қонақты таңқалдырып, бей-жай қалдырмайды.

Арнайы біліктілікті арттыруға барған ұстаздар қауымы келешекте осындай семинарлар мен осы форматтағы курстарды арттырса деген ниеттері мен Қазақстандағы Үндістан Елшілігі мен Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталыққа өз алғыстарын білдірді.

 

www.kaznu.kz