Бірінші курс студенттеріне арналған бағдар беру апталығы өтеді

07.08.2019

Көрулер: 5464

2019 жылдың 19-30 тамызы аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бірінші курс студенттеріне арналған бағдар беру апталығы өтеді.

Апталықтың бағдарламасы өте қызықты ақпарға толы. Болашақ бірінші курс студенттері үшін университет кампусы мен факультеттеріне экскурсиялар ұйымдастырылады, олар мұражайлар мен кітапханаға барады, ЖОО-ның академиялық саясатымен, ҚазҰУ студенті туралы ар-намыс кодексімен және ережемен, ішкі тәртіп ережелерімен, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметімен танысады.

Факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, кураторларымен кездесу барысында бірінші курс студенттері ҚазҰУ және жалпы университеттік «Al-Farabi university-smart city», «Айналаңды нұрландыр», «100 кітап», «ҚазҰУ - Green Campus», «Культ здорового тела» және т. б. әлеуметтік-инновациялық жобалар туралы толық ақпарат алады.

Сонымен қатар, осы аптаның ішінде студенттер спорттық секцияларға және көркемөнерпаздар үйірмелеріне жазыла алады.

 

www.kaznu.kz