Корей еліндегі жазғы мектеп

23.07.2019

Көрулер: 5280

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Әйгерім Құралова, Назерке Нышанбай және Венера Аманқұл Корей үкіметінің грантын жеңіп алды.

Қыздар Кеimyung University жазғы мектебінің жұмысына қатысады. Бағдарламаның мақсаты жаһандық қоғамды дамытуға, елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосатын болашақ көшбасшыларды анықтау болып табылады.

Экономика, сауда және бизнесті дамыту тақырыбына арналған жазғы мектеп Орталық Азияның ең талантты студенттерін жинайды. Олар 5 апта бойы жетекші Оңтүстік Корея университетінің академиялық тренингтеріне қатысады.

Кеimyung University Оңтүстік Кореяның ұлттық рейтингісінде үнемі жоғары орындарға ие. Бүгінгі таңда жоғары оқу орны Тэгу қаласының әртүрлі аудандарында орналасқан үш кампусы және18 факультеті бар.

www.kaznu.kz