Д.Баландин Олимпиада-2020 лицензиясын жеңіп алды

22.07.2019

Көрулер: 4436

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі Дмитрий Баландин әлемдік спорт аренасындағы жетістіктерін көрсетуді жалғастыруда.

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында су спорты түрлерінен өткен чемпионатта ол 2020-Олимпиадасына қатысуға біліктілік нормативін орындады. 100 метрлік қашықтықта олимпиада чемпионы алтыншы болып мәреге жетті. Оның уақыты 59,56 секудтты құрады. Осылайша, Дмитрий 59,93 тең болатын А біліктілік нормативі бойынша жүз метр қашықтықты бағындырды. Қазақстандық спортшы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына екінші лицензияны жеңіп алып, 13-ші нәтижемен Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

www.kaznu.kz