ҚазҰУ түлегі Будапеште алтын алды

15.07.2019

Көрулер: 4156

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Будапештегі гран-при турнирінде алтын алды.

Жарыстың алғашқы күнінде-ақ жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екендігін дәлелдеген Елдос Сметов аталмыш додада (-60 кг) салмақта бақ сынасты. Ол жартылай финалда Нидерланды елінің өкілі Торнике Цжакадоеаны ұтып жеңіс тұғырынан көрінді.

Аталмыш жарысқа әлемнің 82 елінен 550-ге жуық дзюдошы барса, Қазақстаннан 16 спортшы қатысуда.

www.kaznu.kz