Итальяндық студенттер ҚазҰУ дипломын алды

08.07.2019

Көрулер: 4070

Қазақстанда алғаш рет қос диплом бағдарламасы бойынша Италиядан келген жастар - әлемнің беделді университеттерінің бірі - La Sapienza Universita di Roma-ҚазҰУ-дың екі жылдық магистратурасын аяқтады.

Университет өміріндегі маңызды әрі халықаралық беделді арттыратын аталмыш салтанатты шара ҚазҰУ-да өтті.

Салтанатты жиынды ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің деканы Меңдігүл Ноғайбаева ашты. Ол итальяндық студенттерді (Jessica Venturini, Matteo Fraioli, Adriano Mastrorocco, Siham Farissi) – "Дүниежүзілік тарих магистрі" мамандығының түлектерін ҚазҰУ және La Sapienza Universita di Roma-ның қос дипломдарын алуымен құттықтады.

Итальяндық магистрлерге диплом тапсыру рәсімін тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Геттинген университетінің құрметті профессоры Қалқаман Жұмағұлов жүргізді. Оның осы халықаралық бағдарламаны ашу барысында көп еңбектенгенін ерекше атап өту қажет.

Өз құттықтау сөзінде профессор магистрлерге Қазақстан мен Италияның ғылым және білім беру саласында сонымен қатар кәсіби қызметте табыс тіледі.

www.kaznu.kz