Меморандумға қол қойылды

27.06.2019

Көрулер: 3430

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Citi қоры және YBI халықаралық ұйымымен бірлесе отырып, Jastarbusiness MOST Бизнес-инкубаторы жобасы аясында жүзеге асырылатын Акселерация бағдарламасы негізінде Bootcamp өткізді.

Bootcamp аясында ҚазҰУ-дың «Ғылыми-технологиялық паркі» мен MOST Бизнес-инкубаторы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

«Студенттік бастамаларды қалыптастыру мен дамыту алаңына айналуда мұндай іс-шараларды өткізу университеттің инновациялық экожүйесін дамыту үшін аса қажет», - деді технопарк директоры Әмірхан Темірбаев.

Бағдарламаның тоғызыншы легіне қатысушылар команда ішінде тиімді қарым-қатынас пен мақсаттарға сапалы жету үшін SMART техникасын және сату бойынша тәжірбие өткізді. Ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер қаржы, туризм, маркетинг, сату, бизнес-модель құру, монетизация, медицина, логистика сияқты салалардағы сарапшылардан кеңес алды.

www.kaznu.kz