Химия саласындағы серіктестік

14.06.2019

Көрулер: 256

ҚазҰУ басшылығы Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының өсімдік заттар химиясы институтының директоры Сагдуллаев Шамансурмен жүздесіп, тараптар химия саласында екіжақты ынтымақтастық орнату жайын талқыға салды.

ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов делегация құрамын университет қызметімен толықтай таныстырып, білім ордасының көптеген ЖОО-лармен ынтымақтастық аясындағы біріккен ғылыми зерттеулері мен тәжірибелерінің орындалу жолдарына тоқталып өтті.

Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының өсімдік заттар химиясы институтының директоры Сагдуллаев Шамансур институттың басты бағыттарын атап, болашақта Орталық Азиядағы жетекші жоғарғы оқу орны саналатын ҚазҰУ-мен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға үлкен қызығушылық танытты. Тараптар алдағы уақытта көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, атап айтсақ химия, химия өндірісі, химиялық технология, өсімдік заттар химиясы, химиялық инженерия бағыттары бойынша бірігіп жұмыс атқару жолдарын қарастырды. Кездесу соңында делегация өкілдері ҚазҰУ басшылығына алғысын білдіре отырып, жоғарыда аталған бағыттар бойынша алдағы уақытта нақты бір шешім қабылданып, екі жақты келісімге келетініне үмітті екенін айтты.

www.kaznu.kz