Қазақстандағы Исламдық қаржыландыру

10.06.2019

Көрулер: 899

ҚазҰУ-да «Қазақстандағы Исламдық қаржы: АХҚО және серіктестер келешегі» атты семинар өтті.

Семинарға АХҚО бизнесті халықаралық ілгерілету департаментінің исламдық қаржыландыру бағыты бойынша басшысы Шейх Билал Хан, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия бизнесін дамыту жөніндегі қызметкер Ахмед Нагиб, «Аль Сакр Финанс» АҚ-ның шариғатты бақылау департаментінің директоры Әділбек Рысқұлов және басқа да ұйымдардың өкілдері мен ҚазҰУ оқытушылары қатысты.

Естеріңізге салсақ, өткен айда ХІІ Астана экономикалық форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хамад бин Халифа университеті (Катар), «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесе (АХҚО) исламдық қаржы саласындағы әріптестікке бағытталған өзара түсіністік туралы үш жақты меморандумға қол қойған болатын. Бүгінгі семинар осы үшжақты меморандум аясында ұйымдастырылып отырған алғашқы шаралардың бірі деген экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Римма Сагиева ел экономикасын қарыштату жолында қаржы секторы саласында жоғары білікті кадрларды даярлау экономика өсуінің негізгі факторлардың бірі болып табылатынын атап өтті.

АХҚО бизнесті халықаралық ілгерілету департаментінің исламдық қаржыландыру бағыты бойынша басшысы Шейх Билал Хан Қазақстандағы ислам қаржысының даму перспективаларын, оның қаржы секторын тұрақтандырудағы рөлін және басқа да елдердің тәжірибесі негізінде одан әрі жұмыс істеудегі бірнеше бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар семинар барысында тараптар қаржы нарығы, оның ішінде Қазақстандағы исламдық қаржыландыру нарығының ағымдағы жай-күйін қарастырып, елімізде Ислам қаржы индустриясын дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.

www.kaznu.kz