Жапон тілін үйрету және прагматикалық зерттеу

11.05.2019

Көрулер: 3570

Қиыр Шығыс кафедрасының Жапония мен Орталық Азияны зерттеу ғылыми-білім беру орталығы (Цукуба Университетінің Алматыдағы кеңсесі) «Кампустағы кампус» жобасы аясында Цукуба университетімен бірлесе отырып, «Жапон тілін үйрету және прагматикалық зерттеу» тақырыбында кезекті онлайн конференция өткізді.

Екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы келісім осыдан төрт жыл бұрын жасалған болатын. Бұл ынтымақтастықтың басты ерекшелігі – «Кампустағы кампус» (CIC) бастамасы. Бұл келісім жүзеге асырыла бастағаннан кейін, серіктес екі университет ұлттық және институционалдық тосқауылсыз өздеріне қажетті зерттеу ресурстарын өзара тиімді пайдалану мүмкіндігіне ие болды. 

Дәріс барысында Цукуба университетінің профессоры Оно Масаки қазіргі кезде Жапонияда жапон тілін үйрену ерекшеліктері туралы, шетелдіктерге арналған «Yasashii nihongo» арнайы курсы туралы айтып берді. Дәріс соңында профессор Жапонтану кафедрасының оқытушыларының сұрақтарына жауап берді.     

Біздің университеттің қабырғасында осындай іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналды. Онлайн лекция жалпы жапонтануға қатысты ғылыми-практикалық мәселелерді бірге талқылап, тәжірибе алмасу үшін ыңғайлы алаң болып табылады. Осындай біріккен іс-шаралалардың арқасында екі университет арасындағы қарым-қатынас күшейе түсіп, ынтымақтастық әр салада өрбиді.

www.kaznu.kz