Сыйлы сыйлық

11.05.2019

Көрулер: 3775

Оңтүстік Кореяның «КореяYWCAә үкіметтік емес ұйымы ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының студенттеріне бес мың АҚШ доллары сомасына корей ұлттық костюмдерін табыстады. Аталған ұйым өкілдерінің айтуынша, олар Қиыр Шығыс кафедрасының қызметін оңтүстіккореялық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде бұрыннан бақылап келеді. Бұл оларды арнайы Алматыға келіп ҚазҰУ-дың кафедра оқытушылары мен студенттерімен кездесуіне түрткі болды.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында, сондай-ақ ҚазҰУ-дың қызметін қолдау және мойындау ретінде Оңтүстік Кореяның үкіметтік емес ұйымы Корей ұлттық Ханбок киімдерінің тарихымен таныстырды. Қиыр Шығыс кафедрасының студенттеріне әдемі корей киімдерін беру үшін аталған ұйымның президенті Ли Ги Ок ханым мен басқа да өкілдері келді.

Олар корей Ханбоктарын кию рәсімін көрсетіп, көне заманнан бері корей костюмінің дәстүрі туралы баяндап берді. Айта кетерлігі бұл ұйым жастар қозғалысы аясында «Әлемді өзгертетін әйелдер» ұранын ұстатуда.

Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяның үкіметтік емес ұйымының қонақтары университетпен ынтымақтастық жасауға дайын екендіктерін жеткізіп, келесі жолы кафедраға музыкалық аспаптар мен би билеуге арналған бұйымдарды сыйға тартуға ниет білдірді. Өз кезегінде, студенттер келесі кездесуде, Оңтүстік Кореядан асқан сүйіспеншілікпен жеткізілген корей костюмдерінде өнер көрсетеміз деп сендірді.  

 

 www.kaznu.kz