Жалындаған жастармен кездесу

24.04.2019

Көрулер: 3069

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  әскери кафедрада «Әскери журналистика» мамандығы бойынша оқитын студенттер Отан Қорғаушы Күні қарсаңында, Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, қолкүрес, бокс шебері, әлем кубогының иегері, Азияның абсолютті чемпионы Ардақ Назаровпен кездесуге қатысты.  

Аталмыш  кездесуді асыға күткен, студенттер қаламыздың басқа университеттерінен де  келді. Спортшы өз өмірінің тәжірбиелерімен бөлісіп кеңестерін берді, жастарды спортпен шұғылдануға шақырып, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, биік шыңдарға жете беруіне ниет білдірді. Оның өсиеті халқына деген махабатымен патриоттық сезімге толы болды. Сонымен қатар Ардақ отбасындағы құндылықтарды  бағалауға, ата-ананы құрметтеуге, еңбекқор болуға,  өзін-өзі кемелдендіруге үлкен көңіл аударды. «Бұл дүниеде еш нәрсе еңбексіз болмайды, алға қойған мақсатқа жету жолы еңбек» - деп белгіледі чемпион!

Тарихтағы ұлы әміршілердің, көшбасшылардың тәлімі, қазақ батырларының ерлігі туралы айтылған әңгімелер іс шараның ең қызық бөлімі болды. «Біз өз тарихымызды білуіміз керек. Өйткені өз тарихын білмеген халық, жойылуға ұшырайды, кешегісін білмеген халықтың ертеңі жоқ» - осындай дана сөздермен кәсіби спортшы барлық жастарды өз халқының тарихын біліп, ұлы тұлғалардан өнеге алуға шақырды.

Ашық форматта өткен кездесуде студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға пайдалы жауап алды. Шара соңында іс шараны ұйымдастырған ҚазҰУ-дың «Атамекен» студенттік патриоттық ұйымы, химия және химиялық технология факультетінің деканы барлық студенттердің атынан Ардақ Назаровқа жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеуге белсенді үлес қосқаны үшін өздерінің ерекше  алғысын білдірді.

Әскери кафедра

www.kaznu.kz