Жастармен кездесу

24.04.2019

Көрулер: 3362

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласы сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова және Алматы қаласы сайлау комиссиясының Бостандық ауданы бойынша төрайым орынбасары Гүлнар Иманқұлова университет жастарымен кездесті.

Кездесудің мақсаты сайлау тәртібімен, сайлауға келетін әрбір қатысушы құқығымен, сайлауда дауыс қалай беріледі, қандай қағидалары бар сонымен таныстыру болды. «18 жасқа толған, тұрақты тіркеуде тұрған, сотталмаған азамат дауыс бере алады. Қазіргі студенттер оқыған, білімді жастар. Дегенмен, сайлаумен бәрі айналыспайды. Заңның өз тәртібі бар. Олар сайлауға келгенде барлық талаптармен таныс болсын деген оймен кездесуге келдік. Егер студент, Алматы қаласында тұрғылықты мекен-жайға тіркелмеген жағдайда, жергілікті әкімшілікке өтініш жазып, сайлау учаскесіне тіркеледі. Мұның бәрі ертең мерзімі жақындаған кезде үлгермей қалмасын деп жасап отырмыз», - деді Жанна Асанова. Студенттер өздерінің сауалдарын қойып, толық жауап алып, кездесу пікір алмасу форматында өтті.

Сайлауға байланысты толық әрі нақты ақпараттарды Алматы әкімдігінің сайты мен Орталық Сайлау Комиссиясының сайтынан да білуге болады.

Алматы қаласы бойынша 554 сайлау учаскесі тағайындалған. Сайлауға 20 күн қалғанда сайлау учаскелері өз жұмыстарын бастайды. Әрбір сайлаушы сайлауға 15 күн қалғанда өз учаскесіне барып өзін тізімнен тексере алады және қай сайлау учаскесіне тіркелгенін анықтай алады. 8/727/ 224-22-22 арнайы телефон арқылы да ақпарат алуға болады.

www.kaznu.kz