Алматы марафоны

24.04.2019

Көрулер: 3870

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика кафедрасының оқытушылары мен студенттері де белсене қатысты.

Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы өтті. Оған әлемнің 53 елінен келген 17 мың спортшы қатысты.

Механика кафедрасының доценті Қарлығаш Алибаева марафонды (42 км) жүгіріп өтсе, жартылай марафонды (21 км) кафедра маманы Нұртілеу Қарқынбеков, 4 курс студенттері Әмірхан Темірханов мен Әлібек Молдағалиев, 10 км қашықтықты кафедра магистранттары Арай Қырғызбаева, Ерболат Асылбек, Аяна Сагиндикова және Балжан Сарсенова, ал балалар қашықтығына (3 км) доцент Д. Туралинаның балалары қатысып, жүйріктер атағына таласты.

«Алматы марафоны» жарысының мақсаты бір жағынан салауатты өмір салтын насихаттау болса, екінші жағынан қайырымдылық іс шара. Жарысты ұйымдастырушылардың берген ақпараттары бойынша биылғы жарысқа қатысушылардың жарнасынан түскен қаражаттың бір бөлігі балаларға арналған спорттық алаңдарды тұрғызуға жұмсалмақ .

Осындай бүкіл әлем қолдап отырған ізгі істерге қатысып, белсенділік танытқан әріптестеріміз бен студенттерімізді құттықтаймыз!. «Алматы марафонына» қатысушылар көбейеді деген сенімдеміз!

www.kaznu.kz