«Кеден ісі» білім беру бағдарламасы халықаралық құрметке ие болды

22.04.2019

Көрулер: 4219

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дүниежүзілік кеден ұйымының (ВТамО) «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы аккредитациялау сертификатын алған Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болды. Бұл жөнінде Брюссельдегі ВТамО Бас хатшысы Кунио Микурия мәлімдеді.

Университеттің «Кеден ісі» білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі мамандарды сапалы дайындау жұмысы сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Халықаралық аккредиттеуді растайтын сертификат ВТамО-ға қатысушы 180 елде мойындалады.

ҚазҰУ әлемдік білім беру кеңістігіндегі өзінің бәсекеге қабілеттілігін растай отырып, білім беру саласында, соның ішінде кеден ісі саласында жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша көшбасшы болып қалды және қалады.

www.kaznu.kz