Иллинойс университетімен серіктестік

18.04.2019

Көрулер: 2730

ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев Чикагоның Иллинойс UIC университетінің халықаралық әріптестік бағдарламалары бойынша директоры Джефф Ванмен кездесті.

Сөз алған бірінші проректор делегация құрамын ҚазҰУ қызметімен егжей-тегжейлі таныстырып, көптеген ЖОО-лармен ынтымақтастық аясында біріккен оқу бағдарламаларын дайындау мен ғылыми зерттеулер, оқу-ғылыми тәжірибелердің орындалу жолдарына тоқталып өтті. 

Өз кезегінде Иллинойс UIC университетінің халықаралық әріптестік бағдарламалары бойынша директоры Джефф Ван Иллинойс UIC университетінің басты бағыттарын атап, болашақта Орталық Азиядағы жетекші жоғарғы оқу орны саналатын ҚазҰУ-мен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға үлкен қызығушылық танытты. Сонымен қатар тараптар алдағы уақытта көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас орнату турасын талқылады. Атап айтар болсақ, қосдиплом бағдарласымен қатар инженерия, химия, биоинформатика, механика, химиялық инженерия бағыттары бойынша бірігіп жұмыс атқару жолдарын қарастырды.

Кездесу соңында делегация өкілдері ҚазҰУ басшылығына алғысын білдіре отырып жоғарыда аталған бағыттар бойынша алдағы уақытта нақты бір шешім қабылданып, екі жақты келісімге келетініне үмітті екенін айтты. Оған қоса аталмыш кездесу қос жоғары оқу орындары арасында халықаралық ғылым мен білімнің алтын көпіріне айналатын ынтымақтастықтың бастауы болатынына сенім білдірді.

www.kaznu.kz