"Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық"

18.04.2019

Көрулер: 3773

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық" жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 30 жаңа оқулықтың тұсаукесеріне арналған конференция өтеді. 

Конференция жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Балаева Аида Ғалымқызы, ҚР білім және ғылым вице-министрі Бигари Рустем Айдарбекулы, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан ЖОО ректорлары, проректорлары, әлеуметтік-гуманитарлық факультеттер мен кафедралардың декандары мен меңгерушілері, Алматы қаласы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтардың аудармашылары мен редакторлары қатысады.

Өтетін орны және уақыты: 18.04.19  Әл-Фараби кітапханаcы, басталуы 15.00-де.

www.kaznu.kz