Достастық елдердің кездесуі

18.04.2019

Көрулер: 487

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы күштері,  мемлекттік қызметкерлері мен  әскери делегациясының кездесуі өтті.

Университет тарапынан пәкістандық делегацияны Бірінші проректоры М.Бүркітбаев, шығыстану факультетінің деканы Ы. Палтөре мен оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қарсы алды.

Делегация құрамында Пәкістанның Қарулы күштерінің, Мемлекеттік қызметтегі және достастық мемлекеттерден құралған 20 офицер, сондай-ақ Қазақстандағы Пәкістан елшілігінің коммерциялық кеңесшісі Basit Saleem Shah мырза болды.

Сапардың негізгі мақсаты қазақстандық саясаткерлер мен әскери,  ғылыми және  аналитикалық орталықтарымен кең көлемде танысып, ауқымды мәселелерді талқылау. Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістанның жоғары оқу орындары, академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық туралы мәселелері талқыланды. Профессор Г. Надирова Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының жүйесі бойынша, халықаралық қатынастар факультетінің магистранты Е. Моргуова  Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі Болон Декларациясы туралы баяндама жасады. Ал докторант Н. Оспан Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тарихи байланыстарға тоқталды. Қонақтар үшін шығыстану факультетінде урду бөлімінің ашылғаны, студенттердің урду тілін аз ғана уақыттың ішінде өте жақсы меңгергендігі тосын сый болды.

Шығыстану факультеті

www.kaznu.kz