Әріптестікке толы іс-сапар

17.04.2019

Көрулер: 3182

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Мысыр Араб Республикасының уақытша сенімді өкілі Абдельхамид Хани Абдельхамид Эльрафимен кездесу барысында қос университет арасындағы болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өзара пікір алмасқан тараптар Қазақстан мен Мысыр Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы өзара тиімді бағыттарды кеңейтуге тілек білдірді. 

ҚазҰУ ректоры Мысырлық ЖОО-лар ҚазҰУ-дың бұрыннан берік байланыс орнатқан серіктестердің бірі екендігін атап өтті. Жақында ҚазҰУ ғалымдары әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатында белгілі Әл-Азхар университетінде (Мысыр) жұмыс сапарымен болды. Делегация Шейх Әл-Азхар Ахмед әл-Тайидің қабылдауында болып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарына Әл-Фарабидің қолжазбалар көшірмелерінің 28 томдық каталогын және әл-Фарабидің ғылыми зерттеулерінің электрондық нұсқасын табыс етті.

Айта кету керек, "Рухани жаңғыру" президенттік бағдарламасын және еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласының ережелерін жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Мысырдағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Каир университетінде әл-Фарабидің ғылыми-білім беру орталығын ашты. Каир университетіндегі Орталық әл-Фараби, Сұлтан Бейбарыс мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі достас елдің ортақ тарихи және мәдени құндылықтарын зерттеу мен көпшілікке тарату үшін жақсы тұғырнама болады. Осы жылы Әл-Фараби орталығының базасында Каир университетінде алғаш рет қазақ тілін оқыту пәні енгізіледі.

Келіссөздер барысында ректор Ғалым Мұтанов таяу уақытта Мысырда ҚазҰУ филиалы ашылатынын атап өтті. Бұл қадам мамандарды бірлесіп дайындаудағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, академиялық алмасу бағдарламаларын іске асыруға, магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын, оқытушылардың біліктілігін арттыруға, ғылыми-білім беру бағдарламаларын әзірлеуге ықпал етеді.

 

www.kaznu.kz