"Рухани жаңғыру"- 2 жыл

10.04.2019

Көрулер: 4781

ҚазҰУ-да Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының екі жылдығына орай VI Халықаралық Фараби оқулары аясында "Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және ескерткіштері" атты тақырыпта халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференция ХХІ ғасырдың мәдениеттанулық, дінтанулық, философиялық, әлеуметтік және саяси қырларын зерттейтін ғалымдар мен мамандардың тұрақты байланыстарын қалыптастыруға бағытталған. Конференция жұмысы барысында қазіргі әлемнің өзекті қоғамдық маңызды мәселелерін талқылады. Ғылыми жиында қоғамдық сананы модернизациялау үдерісіндегі рәміздік феномендер, заманауи қазақстандық қоғамдағы ақпараттық-коммуникативті технологиялар, бұқаралық мәдениет, діни құндылықтардың адам санасына ықпалы, ғаламданудың замануи теориялары және олардың этникалық, ұлттық мәдениеттерге ықпалы, дала мен қала концепциясы, ұлы даладағы өркениеттілік үдерістері ілімі, Қазақстандағы мәдени турзим, Ұлы даладағы мәдениттер сұхбаты, ұлттық код және құндылықтар тақырыбында ғалымдар жан-жақ жақты пікір аламасты.

Танымал отандық ғалымдар басқосқан жиынға философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Әлия Масалимова мен дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Тұрсын Ғабитов модераторлық жасады.

Факультет деканыӘлия Масалимова: "Біздің факультетімізде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында көп жұмыс жасалды. Ең бастысы, кафедра оқытушы-профессорлар құрамының қатысуымен ағылшын тілінен қазақ тіліне әлеуметтану, философия, мәдениеттану, психология салалары бойынша төрт оқу құралы аударылды. Екі жылдың аясында, бірнеше ғылыми мақалалар, монографиялар, сөздіктер, энциклопедиялар, онлайн-лекциялар жарық көрді. Бүгінгі негізгі мақсатымыз, жасалған мәселелерге ғана тоқталып қоймай, келешектегі міндеттеріміз бен жоспарларымызды қандай жолмен іске асыру болатын",-деп атап өтті.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының гуманитарлық ғылым саласына берген ең басты үлесі, біздің кафедра үшін жағымды болды. Себебі, бұл мәдениеттану пәні барлық ЖОО-на міндетті пән ретінде енгізілді. Бұл көптен күткен қуанышты жаңалық еді. Сол ретте, мәдениеттану, философия бағдарламалары жаңартылды. Мәдениеттанудың жаңартылған бағдарламасы бойынша, біршама ғалымдар жұмысы бар. Соның ішінде Қазақстандағы мәдениеттанудың негізін қалаған Тұрсын Хафизұлының бірқатар еңбектері жарық көрді. Бүгін жаңартылған оқу бағдарламасына негізделген "Мәдениеттану" оқулығының тұсауы кесіліп отыр. Осы оқу құралын басқа да жоғары оқу бағдарламасында негізгі қоланысқа алса дегіміз келеді",-дейді Айнұр Дүрбелеңқызы.

Рухани жаңғыру бағдарламасының екі жылдығына арналған конференцияда Таллин технологиялық университетінің профессоры Пеетер Муурсепп (Эстония), Ақтеңіз университетінің профессоры Шахин Филиз (Түркия), Хаджеттепе университетінің профессоры Сейфы Иылдырым, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, Фарабитану секторының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғалия Құрманғалиева, ҚазҰУ-дың философия кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Нұрышева және тағы басқалар ғылыми баяндама жасап, аталған бағдарламаның екі жыл ішінде жүзеге асқан жетістіктері мен алдағы алар асуы туралы пікірлерімен бөлісті.

www.kaznu.kz