Уақтылы шешім

09.04.2019

Көрулер: 4844

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешіміне пікір білдірді.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы өте маңызды және барлық қазақстандық қоғам үшін қажетті шешім қабылдады», - деп атады ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов.

- Қазіргі Президент қоғамдық сенімнің абсолютті вотумына ие екендігіне күмән жоқ, оған Елбасы қолдауы мен әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері куә.

«Қазақстан демократиялы мемлекет. Елбасы стратегиясын тиімді және сәтті жүзеге асыруда барлық мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістерге қарқынды серпін беру үшін халыққа өз Президентін сайлау үдерісі маңызды», - деп санайды ректор.

Бұл ішкі және сырты саясаттың негізгі векторларын жүзеге асырудағы конституциялық механизмдерді нығайтады, еліміздегі саяси жағдайларға, қоғамды тұрақтандыру мен біріктіруге оң әсер береді. Әлемдік қоғамдастық алдында демократиялық реформалар курсымен нақты қадам басып келе жатқан мемлекет ретінде Қазақстанның беделін мықтайды.

- Бүгін саяси күн тәртібіндегі негізгі сұрақ өз шешімін тапты – Президент сайлауының мерзімі мен өту тәртібі анықталды. Кезектен тыс сайлау Конституцияның барлық талаптарына сай – адал, ашық және әділ өтетіндігіне сенімдімін. Қазақстанда қажетті саяси институттар мен азаматтық қоғам құрылған, электоралды үдерістің оң тәжірибесі жинақталған. Қазақстандықтардың міндеті – өзінің азаматтық борышын орындау және лайықты үміткерді сайлау, - деп атады Ғ. Мұтанов.

Еліміздің жетекші оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау туралы шешімді толықтай қолдайды. Оқытушылар мен студенттердің мыңдаған қауымдастығы электораттың белсенді құрамы болады, өзінің жауапты азаматтық позициясын танытады, Президентті кезектен тыс сайлауға белсенді қатысады және елдің өркендеуі үшін саналы таңдау жасайды», - деп атап өтті ҚазҰУ ректоры.

www.kaznu.kz