Жақсынтай Қайырбеков «Әл-Фараби» күміс медалімен марапатталды

25.03.2019

Көрулер: 2976

ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай химия​ және химиялық технология факультетінің​ ​ физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының химия ғылымдарының докторы, профессоры​ Қайырбеков Жақсынтай​ ғылымға деген ерекше үлесі үшін «Әл-Фараби» күміс медалімен марапатталды.​ ​

Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Сізге бұдан әрі табысты өмір жолын,​ осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта бергей!

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы