Ұлт көшбасшысын қолдауға арналған флешмоб

20.03.2019

Көрулер: 3367

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мемлекет президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау үшін үлкен флешмоб өткізді.

ҚазҰУ Салтанатты қақпасының алдында түрлі факультеттерден 2 мыңнан астам студенттер жиналды. Олар жанды композиция құрып «Елбасы», «Жастар» және «Үміт» деген сөздерді жазды. Бұл қойылым «Жастар Елбасының үмітін ақтайды» ұранымен өткізілді. Осылайша олар өздерінің Нұрсұлтан Назарбаевқа деген қолдауларын білдірді.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан зор үлесі, жас ұрпаққа деген және оның болашағы үшін көрсеткен толассыз қамқорлығы үшін Ұлт көшбасшысына шексіз алғыс сөздер айтылды.

«Біздер – жаңа, тәуелсіз Қазақстанда туып-өскен ұрпақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты мемлекетте өсіп, өмір сүріп жатқанымыз үшін алғысымызды білдіреміз. Қазақстан алдында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жөнінде үлкен мақсат тұр! Ертеңгі күні осы мақсатты жүзеге асыратын біздер, яғни жастар! Елбасының жоғары сенімін ақтау үшін аянбай бар күш-жігерімізді саламыз», - деді еліміздің жетекші университетінің студенттері өз сөзінде.

Флэшмобтың соңында жастар патриоттық музыкалық композицияларды шабыттана орындады.

 

www.kaznu.kz

Флешмобтың видеобейнесі