Би байқауы

16.03.2019

Көрулер: 322

Корейтанушылардың арасында ерекше Корей би байқауы өтті. Корейтану бөлімі ғылыми жетістіктермен ғана емес, студенттер арасында корей биінің танымал байқауымен де ерекшеленеді. Корейтану бөліміндегі барлық студенттердің 90% корей сериалдары мен музыкасының танымалдығының арқасында Қиыр Шығыс кафедрасына келген. Төрешілер Кореядан келген оқытушылар Ли Зенг Хе, Чой Джи Енг болды. Студенттер сериалдан корей актерлеріне еліктеу ниетімен би биледі. Және бұл би сайысы сәтті болды. 

Корейтану бөлімшесінің құрамында Кореядан келген шетелдік оқытушылары бар. Корей тілінің магистрлері өз елінде білім алып, Қазақстанға жұмыс істеуге келген. Қиыр Шығыс кафедрасында мұндай оқытушылар баршылық. Ал 2019 жылы кафедра барлық корейтанушылардың арасында би марафонын жоспарлап отыр. Байқауда ең үздік оқушылар іріктелді. Корейтанушылар корей биін билей алады!

www.kaznu.kz