Бозоқ

14.03.2019

Көрулер: 3207

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ғылыми байланыстарын кеңейте түсу мақсатында өзара әріптестік пен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.  

Кездесу барасында Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша еліміздің тарихи-мәдени ескрткіштерін қалпына келтіру мен туризмді дамыту, мамандар дайындау, ғылым мен практиканың өзара байланысы туралы мәселелер талқыланды.

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сауле Бөкейханқызы бастаған арнайы делегация университет кампусының инфрақұрлымымен, даму бағыттарымен танысып, университет ректоры Г. Мұтановпен, тарих, археология және этнология факультетінің ғалымдармен, студенттермен кездесті.

www.kaznu.kz