«TAIBURYL» степендиаттары

14.03.2019

Көрулер: 3547

Механика және математика факультеті механика кафедрасы «Ғарыштық техника және технология» мамандығының студенттері Роланд Пилпани (4 курс) және Есенжол Марғұлан (магистрант, 1- курс) «Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің стипендиясын жеңіп алды!

2018 жылдың қараша айында «Тайбурыл» қоғамдық бірлестігі «Білім беруді қолдау» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның «Тәжірибе» қайырымдылық жобасын жариялады.

Байқаудың мақсаты еліміздің техникалық мамандықтарының талантты түлектеріне және студенттеріне қолдау көрсету, кәсіптік - техникалық білім беру мәртебесін көтеру болып табылады.

Байқауға техникалық мамандықтар бойынша оқыған еліміздің жоғары оқу орындарының түлектері мен студенттері қатысты. Нәтижесінде 15 студент осы байқауда жеңімпаз атанды. Олардың ішінде механика кафедрасының 4-курс студенті Роланд Пилпани мен 1-курс магистранты Есенжол Марғұлан да бар.

«Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің http://taiburyl.kz/ сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес жеңімпаздар Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы өндірістік компанияларында тәжірибеден өту үшін 6 ай бойы стипендия алатын болады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

Механика кафедрасы

www.kaznu.kz