Чемпионның алтыны

11.03.2019

Көрулер: 3256

Словенияда жүзуден халықаралық турнирде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Дмитрий Баландин төртінші алтын медалін қанжағасына байлады.

Олимпиада чемпионы 50, 100 және 200 метр брасспен жүзуде үздік атанды. Сонымен қатар, ол «100 метрден 4 рет» аралас эстафетасында алтын медальға ие болды.

ҚазҰУ-дың тағы бір студенті Әділбек Мусин жүзу бойынша 100 метр баттерфляймен екінші орынды иемденді.

Словениядағы Турнир әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына кәсіби біліктілік дәрежесін дәлелдейтін жарыстардың бірі болып табылады.

 

фото НОК

www.kaznu.kz