Webometrics-те ҚазҰУ позициясын нығайтуда

07.02.2019

Көрулер: 7477

2019 жылы қаңтарда өткізілген «Webometrics» халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 28 мың ЖОО арасында 2503 орынды иеленді.

ҚазҰУ рейтингте алға жылжудың оң динамикасын көрсетіп, Қазақстан университеттері арасында екінші орынға тұрақтады. Мәселен, «Openness» («ашықтық») индикаторы 164 пунктке өсіп, «Рresence» («қатысу») және «Impact» («ықпал») сияқты көрсеткіштер бойынша университет басқа қазақстандық ЖОО-дан озық шықты.

2004 жылы құрылған беделді «Webometrics» халықаралық рейтингі әр жарты жыл сайын жаһандық интернет-кеңістікте жоғары оқу орындарының қатысуын талдап бағуда. Ол университеттердің web-сайттарын домен көлемі, студенттер мен оқытушыларға және басқа оқырмандар қатысушыларға пайдалы әрі қажетті ғылыми және білім беру ақпаратының болуы, сыртқы ресурстардағы сілтемелер саны, ғалымдардың ғылыми жұмыстарының дәйексөзділігі, ғылыми жарияланымдардың саны сияқты т.б. индикаторлар бойынша бағалайды.

Бүгінде АҚШ және Ұлыбритания университеттері рейтинг көшбасшысы болып отыр. Алғашқы жүздікте американдық және ағылшындық жоғары оқу орындарынан басқа Қытай, Алмания, Жапония, Дания, Швейцария, Оңтүстік Корея, Гонконг және басқа да елдердің жетекші жоғары оқу орындары да көрсетілген.

www. kaznu.kz