ҚазҰУ-да ядролық медицина орталығы құрылатын болады

22.09.2018

Көрулер: 3346

Жапондық ядролық медицина қауымдастығының төрағасы Джун Хатазава әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ядролық медицина орталығын құруды ұсынды. Бұл туралы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаевпен болған кездесуде айтылды.

Екіжақты кездесу барысында екі ел ғалымдарының тәжірибесі мен ғылыми-инновациялық мүмкіндіктері талқыланды. ҚазҰУ-дың бірінші проректоры жапондық делегацияны университет қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, университет Токио, Хоккайдо және Цикуба сынды танымал университеттермен белсенді ынтымақтастық орнататынын атап өтті.

Тараптар қажетті ғылыми базаға және алдыңғы қатарлы жабдыққа ие әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кез-келген байланыстарға, тәжірибе алмасуға және ядролық медицина саласындағы мамандарды даярлауға көмектесу мәселелеріне жекелей тоқталып өтті. ҚР жинақталған аймақтардың экологиялық сипаттамаларын зерттеу тәжірибесі, Еуропа және АҚШ-та оқыған мамандардың қолжетімділігін зерттеу осы саладағы қызметті белсенді дамытуға үміттендіреді.

Өз кезегінде Chiyoda Technol Corporation компаниясының өкілдері диагностикалық және радиофармацевтикалық терапияның дәрі-дәрмектерін, медициналық изотоптар мен медициналық құрал-жабдықтарды өндіру жайы мен жапондық ядролық медицина қауымдастығының қызметі туралы айтты. Орталық Азияда ядролық медицина орталығын құру делегация іссапарының негізгі мақсаты болып табылады. Олардың пікірінше, бүгінгі күні бірқатар Азия және араб елдері аймақтарында ядролық медицина орталығын құруға қызығушылық бар. Ядролық медицина бойынша аймақтық орталық құру аталған салада күш-қуат пен әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ кездесуде Жапонияда өткізілген ядролық химия, инженерия, физиология саласында ауқымды зерттеулер туралы айтылды. Жапондық мамандар магистранттар мен докторанттарға арналған 3 және 6 айлық тренингтер мен арнайы бағдарламалар ұйымдастыруға дайын екендіктерін де жеткізді. Атап өту керек Қазақстанда қырық білікті ядролық медицина мамандары жұмыс істейді.

Кездесу соңында университетте ядролық медицина орталығын құру бойынша жапон делегациясының барлық ұсыныстары мақұлданды. Тараптардың пікірінше, орталық осы саладағы мамандарды даярлау мен оқытуға арналған құрылымға айналады. Орталықтың құрылуына жауапты тұлға ретінде теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі М.Әбішев ұсынылды. Сондай-ақ университет жапондық профессорларды бір семестрге ҚазҰУ студенттеріне дәріс оқуға шақырды.

Жапондық делегацияны Азиядағы ядролық медицинаның және жапондық ядролық медицина қауымдастығының төрағасы Океании Джун Хатазава, «Chiyoda Technol Corporation» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі және кеңесшісі Хироши Кавамура, кәсіп медициналық құрал-жабдықтар бөлімі бас директорының орынбасары Мимура Койчи, «Chiyoda Technol Corporation» компаниясының медициналық мақсаттағы бұйымдар мен изотоптар бөлімі штаб-пәтерінің қызметкері, әрі Қазақстандағы «Chiyoda Technol» жобасының хатшылығы Такаши Ишии бастап келді.  

 Баспасөз қызметі