«Ауғанстандағы журналистика» фотокөрмесі

10.09.2018

Көрулер: 3158

2018 жылдың 12 қыркүйегінде журналистика факультетінің түлегі Саид Самимді еске алуға арналған кеш және «Ауғанстандағы журналистика» фотокөрмесі өтеді.

Талантты журналист «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек жолы» бағдарламасының белсендісі, TOLOnews телеканалының тілшісі Кабул қаласында 5 қыркүйекте лаңкестік әрекет салдарынан әріптесі Разим Ахмадпен бірге қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапты. Еске алуға арналған кеш және көрме келушілерге Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға ықпал етуге, бүгінгі жастарды журналистика саласында жұмыс істеуге, халықаралық деңгейде диалогты дамытуға және Ауғанстандағы БАҚ жұмысының бүгінгі ахуалымен танысуға шақырады.

Шараға БҰҰ, UNESCO, Алматыдағы ҚР СІМ өкілдері, Ауғанстанның дипломатиялық миссиясы, Ауғанстанның сауда-өнеркәсіп палатасы, ҚР ауғандар диаспорасы, Қазақстан журналистері мен ғалымдары, «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек жолы» бағдарламасының белсенділерімен қатар ҚазҰУ оқытушылары және студенттері қатысады.

Өтетін орны және уақыты: Алматы қ. әл-Фараби ат. ҚазҰУ Ө. Жолдасбеков ат.үлкен мәжіліс залы (механика-математика факультеті) басталу уақыты сағ 16.00.