«Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасына арналған республикалық жарияланымдар байқауы

30.06.2018

Көрулер: 3287

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Елшілігі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы. Өзаратиімді өсім мен өркендеу траекториясы» тақырыбында байқау жариялайды. Конкурс «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығына арналған.

Конкурстың мақсаты - Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту.

Конкурсқа төменде келтірілген тақырыпта бұдан бұрын жарияланбаған сараптамалық материалдар қабылданады:

- Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың тарихы мен стратегиялық басымдықтары;

- XXI  ғасырдағы Ұлы Жібек жолының жаңғыруы;

- қазіргі әлемдегі Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық миссиясы.

Байқауға университеттің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері қатыса алады.

Материалдарды қабылдау 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жүргізіледі. Үздік мақалалар «ҚазАқпарат» ХАА сайтында жарияланады.

1-10 тамыз аралығында конкурстың нәтижелері анықталып, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталады.

Конкурсқа түрлі жанрлардағы көлемі 10 мың белгіден аспайтын материалдар қабылданады.

Қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар («конкурсқа» деген ескертпемен) inform2018konkurs@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.