дене шынықтыру және спорт кафедрасының педагогика ғылымдарының докторы,профессоры Елемес Алимхановтың мемлекеттік тілде «Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спортының теориялық және педагогикалық негіздері» атты монографиясы жарыққа шықты.

28.03.2018

Көрулер: 3304

2018 жылдың наурыз айының 28-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасында дене шынықтыру және спорт кафедрасының педагогика ғылымдарының докторы,профессоры Елемес Алимхановтың мемлекеттік тілде «Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спортының теориялық және педагогикалық негіздері» атты монографиясы жарыққа шықты.

Монографияға ұлттық халық ойындары мен спорттың теориялық қалыптасуы, педагогикадағы және этнопедагогикадағы орны, ойындардың испорт түрлеріне айналуы, ойындар мазмұнындағы халықтың салт-дәстүрлері, наным-сенімдері, ұлттық спорт пен ойындарды топтау, жүйелеу, кәсіби атау сөздер туралы зерттеу жұмыстары мен деректер енгізілген. Сондай-ақ жинақталған 326 қазақтың халық ойындары мен спортының мазмұны, тізімі, ойын кезіндегі негізгі дене қозғалыстарының түрлері, ойынға қажетті құралдар көрсетілген.

Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар және ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған.