Ресей архивистерімен кездесу

05.04.2018

Көрулер: 4148

Ресей архивистерімен кездесу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультетінде дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен Ресей Федерациясы архив ісінің мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ерлан Токтарханұлы Қожағапанов және архив ісі және құжаттану департаментінің директоры Алия Хусаинқызы Мустафина басшылығымен Ресей Федералды архив агенттігінің басшысы А.В.Юрасов, РФ Мемлекеттік архивінің директоры Роговая Л.А., Ресей экономика архиві басшысының орынбасары Дёгтев С.И., Омбы облысы Мәдениет министрлігі архив басқармасының басшысы Растягаева Г.И., Орынбор облысы архив істері бойынша комитет төрағасы Рубин В.А., федералды архив агенттігі басшысының орынбасары Черненков К.Г. және ҚР архив ісі және құжаттану департаменті басқарма басшысы Токтаров А.С., ҚР Орталық мемлекеттік архив директоры Мукатаев Д.С. және т.б. архив ісінің майталмандары қатысты. Университет қонақтарын оқу ісі бойынша проректор А.К. Хикметов қарсы алып, унверситеттың қызметімен таныстырды.

Кездесу факультет деканы Меңдігүл Сағатқызы мен Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сәлімжанқызының модераторлығымен өтті. Кездесу басында РФ федералды архив агенттігінің басшысы А.В.Юрасов агенттік қызметі жайлы және РФ архив жүйесі жайлы студенттерге және ОПҚ құрамына баяндады. Сонымен қатар, Роговая Л.А. қатысушыларға РФ Мемлекеттік архивінің қызметі жайлы, электрондық мүмкіндіктері және ақпараттың қолжетімділігі туралы презентация жасады. Айтылған ақпараттар бойынша студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Соның ішінде, архив ісі бойынша Ресейдегі кадрларды дайындау деңгейі, архив ісі мен IT саласының байланысы, қазіргі кездегі бизнес архивтердің маңыздылығы мен пайдасы сияқты өзекті сұрақтар қонақтардың ерекше назарына ие болды. Оқу ісі жөніндегі проректор А.К.Хикметов қонақтарға алғыс білдіре отырып, РФ Қорғаныс министрлігі архивінің «Победа» жобасының тиімділігін атап өтті. Кездесі соңында қонақтар Мұрағаттану мамандығының студенттеріне алғыс айта отырып, дұрыс жол таңадағандарын және мұрағаттанушы мамандығының мемлекет үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, мәдениет және спорт вице министрі Е.Т. Қожағапанов мырза кездесудің өте қызықты өткенін атап өтіп, студенттерге алғысын білдіріп, мемлекет тарапынан архив мамандығына қолдау күшейтілетіндігін жеткізді.