Студенттерден латын қарпінде диктант алынды

09.01.2018

Көрулер: 3138

Студенттерден латын қарпінде диктант алынды

Жуырда ҚазҰУ-да латын тілінде қоғамдық диктант жазу акциясы өтті. Шара аясында техникалық физика мамандығының 2-курс студенттері «Латын графикасы негізінде қазақ тілі бойынша» диктант жазды. Физика-техникалық факультетінің магистранты Тезекбай Ерболаттың ұйымдастыруымен өткізілген диктант сабағы 45 минутқа созылып, студенттердің латын әліпбиін толыққанда меңгергендігі анықталды.

Кез келген тілді зерделеу кезінде білім алушының дағдылануын жаттықтыруға және білім деңгейін тексеруге бағытталған жазбаша жұмыс студенттердің бұл жобаны қолдауға деген талпыныстарын ашып көрсетті. Бұл біздің елімізге деген патриоттық рухымыздың жоғарғы деңгейінің көрінісі.

Латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатып, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады деп сенеміз! 

 

 

 

п.ғ.д., профессор М. С. МОЛДАБЕКОВА