Инновациялық апгрейд

01.11.2016

Көрулер: 4435

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жағдаяттық басқару орталығы ашылды. Орталықты құру жөніндегі жоба  университет менеджменті мен қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық түрлендірудің жалғасы болып табылады.

Ректорат ғимаратында орналасқан жағдаяттық орталық  интерактивтік ақпаратты жинауға, жасалып жатқан күнделікті жұмысты қадағалап, мониторинг жасайтын заманауи коммуникациялық құрылғыларымен жабдықталған.

 Орталық оқу әкімшілік-басқару мен шаруашылық қызметін, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік, оқу процесінің интегралдық басқармасын қамтамасыз етеді.

Жағдаяттық басқару орталығының ақпараттық платформасы  «Sciense», «Univer», бейнебақылау, жұмыс уақытының есебі, «1С» бағдарламасымен қамтамасыз ету сияқты электрондық жүйелерінің желілерін біріктіріп отыр.  Сонымен қатар, жақын арада университет қызметінің негізгі көрсеткіштерін басқару үшін «Qlik» сараптамалық жүйесін ензігу жоспарлануда. Сол арқылы шұғыл түрде алынған нақты мәліметтер бойынша тиісті шешім қабылдап, ақпаратты сараптауға болады.

«Орталық ақпараттық-сараптамалық процесстер мен процедураларын  қолдауды қамтамасыз етіп, жағдайларды уақтылы реттеп, болжамдауға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті орталық директоры Ерназар Ишанов.

Бір айта кетерлігі, орталық мамандары «парасатты»  қуат пен суды тұтыну есептеуіштерін, күн батареяларын, дала жарығы мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін зияткерлік жүйелерін «Парасатты су мен қуат» жобасын жүзеге асыратын жұмыстарды жасауда.