Жаңалықтар

Интервью с ректором КазНУ им. аль-Фараби Мутановым Г. М.

08.12.2014

КазНУ является самым крупным казахстанским вузом. Здесь по 180 специальностям бакалавриата, магистратуры и докторантуры обучается свыше 20 тысяч студентов. Процесс подготовки специалистов строится на основе компетентностного подхода, междисциплинарного и проблемно-ориентированного обучения.

Ары қарай оқу >>

Құрметті әріптестер, оқытушылар мен студенттер!

31.12.2014

Баршаңызды келе жатқан жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің жетекші университеті – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген 2014 жыл айтулы оқиғалар мен жарқын сәттерге толы болды. Қасиетті Жылқы жылы тарихи күнтізбемізде мерейтойлық сән-салтанатымен ерекшеленгені сөзсіз. Бұл жылдың шымылдығы ұлы ойшыл әл-Фараби бабамыздың өнегелі қала ұғымын негіз ететін «Al-farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасымен ашылды. Қаңтар айында ҚазҰУ-ға БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабын басқару сеніп тапсырылды.

Ары қарай оқу >>

Когнитивті-бихевиоралдық және отбасылық терапия

29.12.2014

Университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында «Психология» мамандығы бойынша философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық психология кафедрасының шақыруымен философия және психология бойынша PhD докторы, CPsychol, CSci, AFBPsS–BPS (British Psychological Society), HCPC Registered Counselling Psychologist (United Kingdom) Kings college университетінің

Ары қарай оқу >>

Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай "Қыр гүліндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары" атты фотожинағының тұсаукесері өтті

25.12.2014

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде "Сұңқар" студенттер кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен баспа ісі және дизайн кафедрасының 4 курс студенті, "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай "Қыр гүліндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары" атты - фотожинағының тұсаукесері өтті. Кадрға іліккен сексен сұлу университеттің ең білімді, ең ақылды әрі парасатты да ибалы қыздары және олар алғашқы фотожинаққа жарияланып отырған имидждік келбет. Бұл Досжанның фотоөнер саласындағы алғашқы еңбегі. Жас журналистің фотография саласына деген сүйіспеншілігі мен университетіне деген өзіндік үлесі сезілетін фотожинақ авторлық бояуы мен бабын көрсетеді. Сайып кел­генде бұл, университет көлемінде алғашқылардың бірі болып бакалавриат студенті шығарып отырған фотожинақ.

Ары қарай оқу >>

«ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӨТКЕНІ МЕН ҚАЗІРГІСІ»

25.12.2014

2014 жылдың 25 желтоқсанында "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық психология кафедрасы "ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӨТКЕНІ МЕН ҚАЗІРГІСІ" тақырыбында бітірушілер мен жұмыс берушілердің қатысуымен Қазақстандағы психологтар күнін өткізді.

Ары қарай оқу >>

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙЫҚ

24.12.2014

24 желтоқсан 2014ж. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы, «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙЫҚ» атты қайырымдылық акциясын, Бостандық ауданындағы №88 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары, облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «ЖАҢА ЖЫЛ» қарсаңында ең жақсы оқитын, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар және философия және саясаттану факультетінің деканы филос.ғ.д., профессор А.Р. Масалимова, жалпы және этникалық педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор А.К. Мыңбаеваның атынан алғыс хатпен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙЫҚ

24.12.2014

24 желтоқсан 2014ж. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы, «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында «БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙЫҚ» атты қайырымдылық акциясын, Бостандық ауданындағы №88 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары, облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «ЖАҢА ЖЫЛ» қарсаңында ең жақсы оқитын, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар және философия және саясаттану факультетінің деканы филос.ғ.д., профессор А.Р. Масалимова, жалпы және этникалық педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор А.К. Мыңбаеваның атынан алғыс хатпен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Балаларға арналған жаңа жылдық кеш

23.12.2014

2014 жылдың 23 желтоқсанында «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының мүшелері мен "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының 1 курс студенттері Т. Алмабеков, Е. Айтбай, Ф. Абдуллаева, А. Атшабарова, К. Душаева, М. Малшы, А. Контек, Н. Нысанбай, Қ. Телғараев, Е. Құрманбек, А. Серикбаева, А. Джалгасбаева «Жанұя» мамандандырылған кешешінде балаларға арнап жаңа жылдық мереке ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Сағындық Сатыбалдин «Алтын адам» сыйлығын иеленді

23.12.2014

Экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҰҒА академигі Сағындық Сатыбалдин «Жыл таңдауы – Жыл адамы» халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша жылдың ғылыми қызметкері деп танылды. «2014 жылдың ғылыми қызметкері» номинациясындағы жеңісі үшін Сағындық Сатыбалдыұлы «Алтын адам» сыйлығымен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты монография жарыққа шықты

23.12.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Берекет Бақытжанұлы Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы» (Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014 -520 бет) атты монографиясы жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесері 2014 жылдың 25 желтоқсанында сағат 14:30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетіндегі №405 мәжіліс залында өтеді.

Ары қарай оқу >>

Рекреациялық география және туризм кафедрасында шетел профессорларының дәрістері өтті

22.12.2014

География және табиғатты пайдалану факультетіндегі рекреациялық география және туризм кафедрасында «Шетел ғалымдарын шақыру» бағдарламасы аясында, келесі аталмыш профессорлардың шолу дәрістері өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

22.12.2014

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл награда елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 15-20 желтоқсан 2014 жыл

22.12.2014

  • Тақырып жалғасы Ректор Ғ. Мұтанов «Барыс» орденімен марапатталды
  • Тақырып жалғасы «Springer» баспа үйі ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановтың кітабының тұсаукесерін өткізді
  • ҚазҰУ ғалымдары «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталды
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS жаңа рейтингісінде 14-ші орынға ие болды
  • Дінтану мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен «Күнделікті өмірдегі діннің көрінісі» атты көрме өтті
  • Тақырып жалғасы 1-желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара
  • Құттықтау «Егемен Қазақстан – 95 жыл»
  • Тәуелсіздік күніне пікірлер
  • Жолдауға пікір
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Педагогикалық тәжірибе табыстылығы және даму болашағы

22.12.2014

Философия және саясатттану факультетінің әдістемелік кеңесінің жоспарына сәйкес 22.12.2014 ж. сағ.14-те жалпы және этникалық педагогика кафедрасының доценті Г.А. Мамырбекова «Педагогикалық тәжірибе табыстылығы және даму болашағы» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Тіл философиясының өзекті мәселелері

21.12.2014

Философия кафедрасының оқытушысы А.Б.Абилкаламова 2014 жылдың 19-21 желтоқсанында Томск қаласында өткен «Тіл философиясының өзекті мәселелері» атты Жалпыресейлік халықаралық конференцияға қатысты. Өзінің «Көне Римдегі философияның тілі мен статусы» баяндамасында А.Б.Абилкаламова мәдени қостілдік жағдайындағы қазіргі заманғы философиялық білім беру мәселелері туралы сөз етті.

Ары қарай оқу >>

Оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық формалар

19.12.2014

2014 жылдың 19 желтоқсанында "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында жалпы және этникалық педагогика кафедрасы оқытушылары Мадалиева З.Б. және Садвакасова З.М. №2 балалар үйінің тәрбиешілері үшін "Балалар үйі тәрбиеленушілерінде өмірге тұрақтылығын қалыптастыру мен дамыту"(11:00-13:00) және "Оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық формалар" (14:00-16:00) тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық формалар

19.12.2014

2014 жылдың 19 желтоқсанында "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында жалпы және этникалық педагогика кафедрасы оқытушылары Мадалиева З.Б. және Садвакасова З.М. №2 балалар үйінің тәрбиешілері үшін "Балалар үйі тәрбиеленушілерінде өмірге тұрақтылығын қалыптастыру мен дамыту"(11:00-13:00) және "Оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық формалар" (14:00-16:00) тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «DAAD лекторатының» ашылу рәсімі болды

18.12.2014

Тәуелсіздік күні қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ DAAD қызметімен бірлесе отырып «Неміс ғылымының ақпараттық күні» атты шара өтті. Аталған іс-шара аясында «Германиядағы ғылыми зерттеулер» халықаралық семинары мен ҚазҰУ-дағы «DAAD лекторатының» ашылу рәсімі болды.

Ары қарай оқу >>

Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы

17.12.2014

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Тұңғыш Президент күні мерекесіне арнап 27-қараша күні, сағат 15:00-де Философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық педагогика кафедрасының оқытушылары Қасымова Р.С., Құдайбергенова Ә.М., Шағырбаева М.Д. ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты мерекелік кеш өткізілді. Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы

17.12.2014

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Тұңғыш Президент күні мерекесіне арнап 27-қараша күні, сағат 15:00-де Философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық педагогика кафедрасының оқытушылары Қасымова Р.С., Құдайбергенова Ә.М., Шағырбаева М.Д. ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты мерекелік кеш өткізілді. Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 8-13 желтоқсан 2014 жыл

15.12.2014

  • ҚазҰУ-ға Елбасы Н.Ә. Назарбаев келді
  • ҚазҰУ-да диагностикалық орталық құрылды
  • «Springer» баспа үйі ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановтың кітабының тұсаукесерін өткізді
  • ҚазҰУ-да «Қазақ газеттері» медиахолдингінің 15 жылдық мерейтойына орай «Қазақстандағы ақпараттық үдерістер; замана талабы мен талғамы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • Ректор Ғ. Мұтанов «Барыс» орденімен марапатталды
  • Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
  • Біздің сарапшылар
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Білім беру жүйесіндегі Тайм-менеджмент

13.12.2014

08.12.2014-13.12.2014 жыл аралығында жалпы және этникалық педагогика кафедрасында Ресейдің бірінші Президенті атындағы Орал федералдық университетінің (Ресей Федерациясы, Екатеренбург қаласы) доценті, философия ғылымдарының кандидаты Сенук Зинаида Викторовнаның «Білім беру жүйесіндегі Тайм-менеджмент» авторлық курс оқылды.

Кафедра студенттері, магистранттары, докторанттары, жас ғалымдар мен оқытушылары үшін дәріс, семинар сабақтары мен кеңес берулер жүрді.

Ары қарай оқу >>

Білім беру жүйесіндегі Тайм-менеджмент

13.12.2014

08.12.2014-13.12.2014 жыл аралығында жалпы және этникалық педагогика кафедрасында Ресейдің бірінші Президенті атындағы Орал федералдық университетінің (Ресей Федерациясы, Екатеренбург қаласы) доценті, философия ғылымдарының кандидаты Сенук Зинаида Викторовнаның «Білім беру жүйесіндегі Тайм-менеджмент» авторлық курс оқылды.

Кафедра студенттері, магистранттары, докторанттары, жас ғалымдар мен оқытушылары үшін дәріс, семинар сабақтары мен кеңес берулер жүрді.

Ары қарай оқу >>

al-Farabi University smart city

12.12.2014

12 желтоқсан 2014 ж. сағ. 16.00-17.00 Философия және саясаттану факультеті, «Әл-Фараби» ғылыми-зерттеу орталығы «al-Farabi University smart city» жобасы аясында, ЖОО арасында тығыз ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу мақсатында магистрліқ жұмысты жазу және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың методологиялық мәселелері бойынша «Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру» тақырыбында ҚР ҰҚК Әскери институт әскери педагогика, психология мен басқару жұмысы саласының офицерлері магистранттарына (40 офицер) әл-Фараби мұрасын насихаттауға бағытталған әл-Фараби мұражайы мен кітапхана ғимаратында экскурсия өткізді.

Ары қарай оқу >>

Қазіргі заманғы Батыс философиясы

12.12.2014

2014 жылдың 02-12 желтоқсаны аралығында Халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы аясында Б.Ельцин атындағы Урал Федералдық университеті философия тарихы және білім беру философиясы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.В.Перцев «Қазіргі заманғы Батыс философиясы» тақырыбына дәрістер оқыды. Дәрістерге философия кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары белсенді қатысып, жақсы білім алды.

Ары қарай оқу >>

Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың инновациялық әдістері

12.12.2014

2014 жылдың 8 - 12 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал Федералдық университетінің философия тарихы және білім беру философиясы кафедрасымен бірлесіп, «Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың инновациялық әдістері» атты жұмыс берушілерге арналған 32 сағат көлеміндегі курстар өткізді. Курсқа Қазақ ұлттық аграрлы университеті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, IT-университеті, ҚазБСҚА және т.б. ЖОО-ның оқытушылары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті

12.12.2014

Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасы және «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туы желбіреген күні 16-желтоқсанға арнап «Желтоқсан оқиғасы-тәуелсіздік алғышарттары» атты дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Экология» мамандығының магистранттары шетелде білім алуда

11.12.2014

«Экология» мамандығының магистранттары А. Ақманова, Г. Мұқанова, А. Нұрсанқызы, Г. Темірханова 2014-2015 оқу жылының күзгі семестрінде ШЫҰ университетінің бірлескен оқу бағдарламасы бойынша Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Шығыс педагогикалық университетінде білім алып жатыр.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде профессор Ж. Ибрашевпен кездесу өтті

11.12.2014

Халықаралық қатынастар факультетінде «АНАЛИТИК» клубының шеңберінде профессор К.Н. Макашева және «Аймақтану» мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен «Ресейдің алтын қаламы» атты халықаралық әдебиет жүлдегерінің иегері, Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.У. Ибрашевпен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ магистранты әлем чемпионы атанды

11.12.2014

2014 жылдың 5-7 желтоқсан аралығында Қазақ күресінен Ресейдің Орынбор қаласында бесінші мәрте әлем чемпионаты өтті. 37 мемлекеттің балуандары қатысқан аламан додада ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті дене шынықтыру және спорт кафедрасының 2-курс магистранты Айдос Сейпілұлы әлем чемпионы атанды.

Ары қарай оқу >>

«Көкжиектегі» кезекті конференция

11.12.2014

2014 жылы 9 желтоқсанда «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубы Ғылыми кітапханамен бірлесе отырып «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында көрнекті жазушы Дулат Исабековтің қатысуымен қалалық оқырмандар конференциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Поэзия кеші

10.12.2014

2014 жылы 10 желтоқсанда жалпы және этникалық педагогика кафедрасы әйгілі қазақ ақыны және қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған поэзия кешін ұйымдастырды. Студенттер ақынның өлеңдерін бар жан-тәндерімен оқыды. Оқытушылар да М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғады.

Ары қарай оқу >>

Поэзия кеші

10.12.2014

2014 жылы 10 желтоқсанда жалпы және этникалық педагогика кафедрасы әйгілі қазақ ақыны және қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған поэзия кешін ұйымдастырды. Студенттер ақынның өлеңдерін бар жан-тәндерімен оқыды. Оқытушылар да М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғады.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен келесі ғалымдарды марапаттады:

10.12.2014

Экология мәселелері Ғылыми-зерттеу институтының 20 жылдығы қарсаңына Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен келесі ғалымдарды марапаттады

Ары қарай оқу >>

Желтоқсан оқиғаcы - тәуелсіздік алғышарыт

09.12.2014

«Кіші Фараби Академиясы» 2014 жылдың 9 желтоқсанында университет студенттерінің отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін арттыруға, қазақ жастарына тәуелсіздіктің бағасын түсіндіруге арналған «Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік алғышарты» атты дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Біз біргеміз!» - «Логос» СҒО-на мүшелігіне бірінші курстарды мерекелік қабылдау сәті

09.12.2014

2014 жылдың 9 желтоқсанында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздік күніне және «Логос» мүшелігіне бірінші курстарды қабылдауға арналған «ЛОГОС» студенттік ғылыми қоғамы «Біз біргеміз!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара патриоттық пен азаматтық тұрғыда қызықты да үйлесімді болды. СҒҚ барлық мүшелері, атап айтқанда, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» және «Педагогика және психология» мамандығының 1,2,3, және 4 курс студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексі

09.12.2014

Философия кафедрасының оқытушылары Б.А. Джаамбаева, Т.А. Баракбаева және Ж. Дагжанның ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексі» атты ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. 1-курс студенттері ҚазҰУ стуленттерінің құқығы, міндеттері мен жүріп-тұру ережесімен танысты.

Ары қарай оқу >>

«Біз біргеміз!» - «Логос» СҒО-на мүшелігіне бірінші курстарды мерекелік қабылдау сәті

09.12.2014

2014 жылдың 9 желтоқсанында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздік күніне және «Логос» мүшелігіне бірінші курстарды қабылдауға арналған «ЛОГОС» студенттік ғылыми қоғамы «Біз біргеміз!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара патриоттық пен азаматтық тұрғыда қызықты да үйлесімді болды. СҒҚ барлық мүшелері, атап айтқанда, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» және «Педагогика және психология» мамандығының 1,2,3, және 4 курс студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Елбасы ҚазҰУ-да ЖОО-лар тарихындағы тұңғыш диагностикалық орталықтың тұсауын кесті

09.12.2014

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне сапары барысында Қазақстандағы жоғары оқу орындары тарихында тұңғыш рет жүзеге асқан медициналық диагностикалық орталықты ашып, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 1-6 желтоқсан 2014 жыл

08.12.2014

  • 1-желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған пікірлер
  • «Мен жастарға сенемін» фестивалі өтті
  • «Адами орнықты дамудың жаңа парадигмасы:G-Global – жаһандық диалог форматы» халықаралық конференцияға қатысушылар Елбасына хат жолдады
  • Резонанс событий В КазНУ прошла международная конференция «Новая парадигма устойчивого человеческого развития. G-Global – формат глобального диалога»
  • «Springer» баспа үйі ҚазҰУ ректоры кітабының тұсаукесерін өткізді
  • Шығыстану факультетінде Елші сағаты өтті
  • Студенттік пресс-клуб ашылды
  • Имидждік материалдар
  • Жолдау
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

08.12.2014

08 Желтоқсан 2014, 12:15
ҚазҰУ ректоры Елбасын университеттегі инновациялық кластердің жұмысымен таныстырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді. Бүгін аталған оқу орнында инновациялық форум өтуде.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры Елбасын университеттегі инновациялық кластердің жұмысымен таныстырды

08.12.2014

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды. ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов Мемлекет басшысын ЖОО жетістіктерімен және келешек даму жоспарымен егжей-тегжейлі таныстырып, мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде 500 млн. АҚШ долларынан астам шетелдік инвестициялар тартылып отырған медика-биологиялық және инновациялық кластерлерді құру бойынша жобалардың жүзеге асырылуы жайлы айтып берді.

Ары қарай оқу >>

Айналаңды нұрландыр!!!

08.12.2014

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында философия кафедрасының оқытушылары және «Шапағат» еріктілер клубының ұйымдастыруымен қалалық №108 «Балдаурен» балабақшасында сенбілік өткізді.

Ұйымдастырушылар: каф.мең. Нурышева Г.Ж., философия кафедрасының оқытушылары: Джаамбаева Б.А., Бухаев А.Н., Баракбаева Т.А., Дагжан Ж.

Ары қарай оқу >>

Қазақстандағы қауіпті секталар мен діни ұйымдар

07.12.2014

Философия кафедрасының 1, 2-курс студенттерімен «Қауіпті секталардан сақ болыңыздар!» атты ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Студенттерге Қазақстандағы қауіпті секталар мен діни ұйымдар жайлы ақпарат берілді. Шараны ұйымдастырушылыр философия кафедрасының оқытушылары: Б.А. Джаамбаева, Т.А. Баракбаева және Ж. Дагжан.

Ары қарай оқу >>

"100 кітап". 100 жылдық махаббат

06.12.2014

6-желтоқсан 2014 ж. философия кафедрасының меңгерушісі Нұрышева Г.Ж., кафедра оқытушылары А.Х. Рамазанова, Джаамбаева Б.А., Баракбаева Т.А., Дагжан Ж., кафедар студенттері мен магистранттары «100 кітап» жобасы аясында М.Әуезов атындағы драма театрында Мағжан Жұмабаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жүз жылдық махаббат» атты спектакльді тамашалады.

Ары қарай оқу >>

«Жүз жылдық махаббат»

06.12.2014

6-желтоқсан 2014 ж. философия кафедрасының оқтушылары, студенттер мен магистранттары «100 кітап» жобасы аясында М.Әуезов атындағы драма театрында Мағжан Жұмабаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жүз жылдық махаббат» атты спектакльді тамашалады.

Жауапты тұлғалар: каф.мең. Г.Ж. Нурышева, Философия кафедрасының оқытушылары: А.Х. Рамазанова, Джаамбаева Б.А., Баракбаева Т.А., Дагжан Ж.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Адам денсаулығы және мансап» тақырыбында іс-шара өткізіледі

06.12.2014

Сіздерді 8 желтоқсан күні биология және биотехнология факультетінде «Дені саудың жаны сау» жобасының аясында «Адам денсаулығы және мансап» тақырыбында өткізілетін іс-шараға шақырамыз. Лектор - Павлодар мемлекеттік университетінің доценті б.ғ.к. Курбанова Г.Д.

Ары қарай оқу >>

«Мәңгілік ел – ұлттық идеясы: мәдени капиталды қалыптастыру мәселелері» атты І Халықаралық Гуманитарлық форумы өтті

05.12.2014

Журналистика факультетінде Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы: мәдени капиталды қалыптастыру мәселелері» атты І Халықаралық Гуманитарлық форумы өтті.

Ары қарай оқу >>

Библиотерапия тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу құралы ретінде

05.12.2014

5 желтоқсан күні жалпы және этникалық педагогика кафедрасының оқытушылары Пузикова С.М., Садвакасова С.М., Мадалиева З.Б. № 9 жатақханада «100 кітап» жобасы аясында «Библиотерапия тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу құралы ретінде» атты іс-шара өткізді. Бағдарламада библиотерапия ұғымы және оның қызметтері, библиотерапия түрлері, оның тарихы, сонымен қатар студенттің өміріндегі оқудың алатын орны секілді мәселелер қарастырылды. Метафориялық ассоциативті карта және мысалдар айту және терапевтік тарих шығару техникалары қолданылды. Сабақ студенттерде қызығушылық тудырды.

Ары қарай оқу >>

АЗАТ РУХТЫҢ АЛДАСПАНДАРЫ

05.12.2014

5 желтоқсан 2014 жылы жалпы және этникалық педагогика кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, Тәуелсіздік күніне арналған «АЗАТ РУХТЫҢ АЛДАСПАНДАРЫ» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

Ұйымдастырушылар: жалпы және этникалық педагогика кафедрасының ассистенті Хадырбаева И.Е., «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттері.

Ары қарай оқу >>

«Springer» баспа үйі ҚазҰУ ректоры кітабының тұсаукесерін өткізді

05.12.2014

Әлемдегі ең танымал «Springer» баспа үйі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың «Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудегі математикалық әдістер мен үлгілер» («Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting») атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Кітап ағылшын тілінде басылып шықты.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым

05.12.2014

5.12.2014 жылы жалпы және этникалық педагогика кафедрасы, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенттері 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай "Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!" атты факульттеттік мерекелік іс-шара өткізді. Факультет студенттеріне суреттер арқылы патриоттық бағыттағы мақал-мәтелдер мен әндер жасырылды.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

05.12.2014

05 Желтоқсан 2014, 13:09
«Springer» баспа үйінде ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең танымал «Springer» баспа үйі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың «Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудегі математикалық әдістер мен үлгілер» («Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting») атты кітабының тұсаукесерін өткізді.

Ары қарай оқу >>

Библиотерапия тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу құралы ретінде

05.12.2014

5 желтоқсан күні жалпы және этникалық педагогика кафедрасының оқытушылары Пузикова С.М., Садвакасова С.М., Мадалиева З.Б. № 9 жатақханада «100 кітап» жобасы аясында «Библиотерапия тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу құралы ретінде» атты іс-шара өткізді. Бағдарламада библиотерапия ұғымы және оның қызметтері, библиотерапия түрлері, оның тарихы, сонымен қатар студенттің өміріндегі оқудың алатын орны секілді мәселелер қарастырылды. Метафориялық ассоциативті карта және мысалдар айту және терапевтік тарих шығару техникалары қолданылды. Сабақ студенттерде қызығушылық тудырды.

Ары қарай оқу >>

АЗАТ РУХТЫҢ АЛДАСПАНДАРЫ

05.12.2014

5 желтоқсан 2014 жылы жалпы және этникалық педагогика кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында, Тәуелсіздік күніне арналған «АЗАТ РУХТЫҢ АЛДАСПАНДАРЫ» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

Ұйымдастырушылар: жалпы және этникалық педагогика кафедрасының ассистенті Хадырбаева И.Е., «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттері.

Ары қарай оқу >>

Оқытушылар мен студенттер арасында шахматтан турнир өтті

05.12.2014

Халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценттері Б.З. Бюжеева мен А.Р. Әліпбаевтың және «Жас дипломаттар» зияткерлік клубы студенттерінің ұйымдастыруымен профессор К.Қожахметовты еске алуға арналған «Ғалымның аты өшсе де, хаты өшпейді» атты іс-шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Есеп

04.12.2014

Философия және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасы 4 курс, қазақ бөлімінің студенттері, куратор-эдвайзер Мекебаева Майгүл Адамовнаның ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында 2014 жылдың 4 желтоқсан күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Орбита-3 ықшам ауданында орналасқан №1 балалар үйінде «Жетім көрсең, жебей жүр» қайырымдылық акциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

«НАТО мини-моделі» атты форум өтті

04.12.2014

НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталық және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «Жаңа геосаяси жағдай аясындағы НАТО қызметі» атты жоғары оқу орындары студенттерінің «НАТО мини-моделі» форумын ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Ынтымақтастық пен достыққа серпін берген іс-шара

04.12.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2010 жылдан бері Ауғанстан Үкіметі мен Қазақстан Үкімет арасындағы ынтымақтастық білім беру саласындағы келісім негізінде білім алуға келген тыңдаушыларды оқытып келеді.

Ары қарай оқу >>

"Айналаңды нұрландыр!" әлеуметтік-инновациялық жоба аясындаұйымдастырылған “МИФ және ТАРИХ”атты ғылыми семинар

04.12.2014

2014 ж. 4 желтоқсанында шығыстану факультетінде корейтану және жапонтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр!» әлеуметтік-инновациялық жоба аясында студенттер мен магистранттарға арналған “МИФ және ТАРИХ” тақырыбындағы ғылыми-танымдық семинар өткізілді. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да елшілік сағаты өтеді

04.12.2014

2014 жыл 5 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасындағы Кореяның Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чу Хён мырзаның қатысуымен болатын елшілік сағат өтеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттер баспасөз орталығының ашылу салтанаты өтеді

04.12.2014

2014 жылдың 5 желтоқсанында журналистика факультетінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және қазақстандық Баспасөз-клубы басшыларының, Қазақстанның белгілі журналистері мен PR–мамандарының қатысуымен Студенттер баспасөз орталығының ашылу салтанаты өтеді.

Ары қарай оқу >>

Путеводитель по буддизму

04.12.2014

«ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» атты жобасы аясында Ресейден келген тарих ғылымдарының кандидаты, буддизмтанушы Леонтьева Елена Валерьевнаның «Путеводитель по буддизму» атты еңбегінің тұсау кесері болды.

2014 жылдың 4 желтоқсан күні әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы педагогикалық тәжірибе жетекшісі Қ. М.Борбасова, магистранттардың эдвайзері Н.К. Альджанова және «Дінтану» мамандығы 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен Ресейден келген тарих ғылымдарының кандидаты, буддизмтанушы Леонтьева Елена Валерьевнаның «Путеводитель по буддизму» атты еңбегінің тұсау кесері болды.

Ары қарай оқу >>

Айналаңды нұрландыр!!!

03.12.2014

Философия және саясаттану факультетінің мәдениеттану мамандығының оқытушы Мұханбет Ә.А., PhD докторанттар және «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен «Айналыңды нұрландыр» жобасы аясында 2 балалар үйінде «Жан жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Қатысушылар: «Сұңқар» студенттер кәсіподағының мүшелері

Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мұханбет Ә.А., «Мәдениеттану» мамандығының докторанттары Манасова М.М., Қадыралиева А.М., Молдағалиев Б.Е.

Ары қарай оқу >>

Сенім және сенімді қарым-қатынас психологиясы

03.12.2014

03.12.2014ж. Əл фараби атындағы ҚазҰУ-ның 122 аудиториясында сағат 14:20 бастап сағат 16:10 дейін доцент М.П. Кабакова мен "Психология" мамандығының орыс тобының 2 курс магистранттарымен "Айналанды нурландыр" жобасының негізінде тренинг ретінде "Сенім және сенімді қарым-қатынас психологиясы" атты біріккен тəрбие іс-шарасы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Экономика жəне бизнес жоғары мектебінде жасыл экономиканы дамытуға арналған конференция өтті

03.12.2014

Экономика жəне бизнес жоғары мектебінде «Tұрақты дамудың жаңа парадигмасы – «Жасыл экономиканы» қамтамасыз етудегі қаржы ресурстары» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция болып өтті.

Ары қарай оқу >>