Жаңалықтар

Апталық дайджест 05.04.2010 – 10.04.2010

14.04.2010

  • Қазақстанның белгілі ғалымы Д.В. Сокольскийдің 100-жылдық мерейтойы (химфак).
  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Сталиндік кезеңдегі Қазақстанның бірінші басшылары» атты кітаптың тұсаукесері.
  • ҚазҰУ түлегі академик Қ. Құлажанов студенттер шәкіртақысын тағайындады.
  • ҚазҰУ-да «Студенттік отбасы» байқауы өтті.
  • Ұлы Жеңістің 65-жылдық мерейтойы.

Ары қарай оқу >>

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы және ҚазҰУ Спорт клубының 60 жылдық мерейтойына арналған, «Азиада - 2011» қолдау мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың факультеттері арасында спорт жарыстары өтеді

08.04.2010

2010 жылдың 11 сәуірінде сағ. 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттері арасында спартакиада өтетін болады.

14 факультет арасында өтетін спартакиада биылғы Ұлы Жеңістің 65-жылдығына, ҚазҰУ Спорт клубының 60 жылдық мерейтойы мен «Азиада - 2011» олимпиадасын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ары қарай оқу >>

Аңдатпа

07.04.2010

2010 жылдың 12-13 сәуірде Алматы қаласы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «ТМД және Балтық елдерінің орыс тілі және мәдениет фестивалі» өтеді.

Фестивальды Ресей Федерациясының білім беру жөніндегі федеральды агенттігі, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың халықаралық білім беру орталығы, ҚазҰУ-дың шетелдік азаматтарға арналған дайындық және филология факультеттері ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ түлегі студенттерге шәкіртақы бөлді

06.04.2010

Мемлекеттің жетекші жоғары оқу орны, білім және ғылым саласының «қарашаңырағы» атауына талай жылдар бойы лайық атанып келе жатқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бүгінгі таңда Қазақстанның дамуына үлес қосып жатқан белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ұстаздар, топ-менеджерлер мен бизнесмендер түлеп ұшты. Қазақстан мен шетелдегі ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының барлық мүшелері туған университетінің беделін арттыруда жан-жақты қарым-қатынастарды орнатып, нығайтуда атсалысып келеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Фотопублицистер клубы» ашылды

06.04.2010

2010 жылдың 2 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің Баспа ісі және редакциялау кафедрасы салтанатты түрде «Фотопублицистер клубының» тұсауын кесті. Кәсіби мамандардың көпжылдардағы шығармашылық жемістері факультеттегі фотокөрмеде көрініс тапты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 29.03.2010 – 03.04.2010

06.04.2010

  • 2020 жылға қарай ҚазҰУ әлем университеттерінің рейтингісінде жетекші орынды алады деп күтілуде.
  • ҚазҰУ-дың заң факультетінде “Қазіргі кездегі қылмыстық саясат: интеграциялық үдерістер аясындағы оның негізгі бағыттары мен басымдылығы” атты халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ-дың нанотехнологиялық лабораториясы.
  • Мысырда ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының бөлімшесі ашылды.

Ары қарай оқу >>

«Көңіл-күйді 25%-ға көтер!» атты флеш-моб акция!

02.04.2010

Елбасының шәкіртақыны 25%-ға өсіру талабы жүзеге асты. Бүгін Арбатта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Алматы қалалық Қазақстан студенттері Альянсының студенттері үкімет билігіне, ҚР Президентінің ЖОО студенттеріне көрсетіп жатқан үздіксіз қамқорлығы үшін алғыс білдіру мақсатында жастардың «Көңіл-күйді 25%-ға көтер» атты флеш-моб акциясын өткізді. Бүгінгі таңда республикамыздың 98 мың шәкіртақы иегерлері 25 %-ға өскен шәкіртақыны алды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Халықаралық хинди тілінің күні өтті

02.04.2010

31 наурызда ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Үндістан Республикасының мемлекеттік тілі – Халықаралық хинди тілінің күнін атап өтті.
Арнайы шақырылған қонақтардан Қазақстандағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ашок Саджанхар, Үндістан Республикасының Елшілігі жанындағы Үнді мәдени орталығының директоры Винод Кумар, Алматы қаласындағы Үндістан Республикасының Бас консулы Ракеш Кумар Верма қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да қылмысты саясаттың өзекті мәселелері талқыланды

02.04.2010

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қылмыспен күрес мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы мен Қазақстан Криминология ассоциациясының бірлесіп ұйымдастыруымен “Қазіргі қылмыстық саясат: интеграциялық үдерістер аясындағы негізгі бағыттары мен басымдылығы” атты халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>