Студенттер мемлекеттік рәміздерді мақтан тұтады
05.06.20104 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң, тарих пен философия және саясаттану факультеттері Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Кездесу аясында мемлекеттік рәміздерді халық арасында кеңінен насихаттау, олардың жастар өмірінде алатын орны, тәрбиелік мәні талқыланды. Мемлекеттің айтулы мерекелерінің біріне арнап ҚазҰУ-дың 13 құрылыс жасағы «Менің Туым, менің Елтаңбам, менің Ұраным» атты мерекелік сайыстарды ұйымдастырды.