ҚР Қорғаныс министрі ҚазҰУ-дың әскери кафедрасын көруге келеді
15.09.201017 қыркүйек, сағат 11.30. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков келеді. Қорғаныс министрі сапардың басым уақытын запастағы әскери қызметкерлерді дайындайтын заманауи ірі орталық болып табылатын ҚазҰУ-дың әскери кафедрасына арнайды. Сапар барысында Ә.Жақсыбеков әскери кафедраның тыныс-тіршілігімен, оның техникалық жабдықтарымен және оқу-әдістемелік құралдарымен, әскери мамандарды дайындау барысындағы сапа мен деңгейін бақылайтын болады.