Жаңалықтар

Білім мен ғылым дами береді

15.05.2012

ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы 14 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың активімен кездесті. Министр ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 27 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзінен туындайтын білім беру жүйесі ұжымының алдына қойылатын міндеттері туралы баяндады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен НР (Hewlett-Packard): әріптестік бағыты артуда

14.05.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азиядағы НР компаниясының өз өкілдігін ашқан алғашқы университет болып отыр. НР әлемдік танымал компаниясы университет тарапымен заманауи ғылыми-оқу орталығын құру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Студенттің мамандыққа деген қабілетін сынаған олимпиада

10.05.2012

2012 жылдың 3-4 мамыры аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің қабырғасында алғаш рет Алматы аймағында орналасқан жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында “Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау” мамандығы бойынша олимпиада өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Германияда білім алу гранттарын иеленді

10.05.2012

Герман ғылыми-зерттеу орталығы профессор М.Ш. Губайдуллинаның жетекшілігімен Германдық академиялық алмасу қызметінің (DAAD) грантына ие болды. Грант бойынша халықаралық қатынастар факультетінің 15 студенті 2012 жылдың маусым айында Германияға топтық сапармен барады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ұжымы ардагерлермен кездесті

08.05.2012

Ұлы Отан соғысындағы қайсарлық пен даңқ елімізге жеңіс туын әкелді. Бұл ұғымда әрине ардагерлеріміздің, жауынгерлеріміздің биік рухы ерекше. Ардагелерге құрмет көрсету – жеңіс ұғымын қастерлеудің бірігейі.

Бүгінде республикалық деңгейде Жеңіс күні түрліше мерекеленіп, ардагерлер көңіліне қуаныш сезімін ұялату шаралары жүзеге асып, кезек-кезегімен сый-құрмет жүзеге асуда. Мұндай іс-шараның бірі 8 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтті. «Ұлы Отан үшін қасық қанын аямай, ерлік танытып, бізге Жеңіс сыйлаған ардагерлеріміз ұзақ жасап, ортамызда аман-есен жүре берсін. Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен туған жерге деген ыстық махаббатарыңыз жастар бойына патриоттық қалыптастырар өнеге. Заманымыз тыныш болып, соғыстың бетін әрі қылсын», - дейді ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ардагерлерді жеңіс күні мерекесімен құттықтау барысында. Бұл күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соғыс және еңбек ардагерлері қоғамының тұрақты төрағасы, соғыс ардагері Ғаббас Жұматов, соғыс ардагері Уахит Шәлекенов бастаған оннан астам Ұлы Отан соғысының ардагері, сексенге жуық тыл ардагері, он шақты ауған соғысының ардагері және ҚазҰУ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сұлтан Сартаев, кеңес төрағасының орынбасары Зұлқайыр Мансұров және кеңестің басқа да мүшелері жайылған дастарханда бас қосып, жеңіс күніне арналған концерттік шараны тамашалады.

Ары қарай оқу >>

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым Комитетіне ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру байқауына ағымдағы жылдың 1маусымына дейін тапсырыс бере аласыздар

07.05.2012

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің ғылым Комитеті 2012-2014ж.ж. ғылыми зерттеулердің бағыт бойынша жалпы гранттық қаржыландыру көлемі - 1,731 млрд. теңге болатын байқау өтетінін хабарлайды:

1.Энергетика

2.Шикізатты және терең

3.Ақпараттық және телекоммуникациялық технология

4.Өмір туралы ғылым

5.Елдің интеллектуалды потенциалы

Ары қарай оқу >>

Оңтүстік астананың 19 ЖОО жастары қайырымды істе бірікті

07.05.2012

2012 жылдың 5 мамыр Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында Алматы қаласының 19 ЖОО студенттері балалар үйінің және мүмкіндігі шектеулі мектебінің балаларына арналған «Біз біргеміз!» атты ІІ қайырымдылық концертін өткізді.

Ары қарай оқу >>