Жаңалықтар

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Елбасының онлайн лекциясына қатысты

05.09.2012

6 қыркүйек күні «Қазақстан білім қоғам жолында» атты тақырыппен Астанада өткен Елбасы лекциясын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов пен барлық проректорлар, басшылық пен студенттер онлайн-режимде тыңдап, қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері А.Т. Спицын дәрісін тыңдады

04.09.2012

Бүгін ҚазҰУ ұжымы мен студенттер қауымы ЕуроАз ЭҚ Интеграциялық проблемаларды стратегиялық зерттеу институтының директоры А.Т.Спицынмен кездесті. Кездесу барысында ҚазҰУ студенттері экономика ғылымдарының докторы Спицынның дәрісін тыңдады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректорына Ахмет Байтұрсынов атындағы орден табыс етілді

03.09.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректорат мәжілісінде Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановқа «Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің дамуына қосқан айырықша үлесі үшін және жоғары білікті мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі үшін» Ахмет Байтұрсынов атындағы орденді табыс етті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да жаңа мүмкіндік

01.09.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1-ші қыркүйек – Білім күні гуманитарлы факультеттерге арналған жаңа мультимедиялық компьютерлік кластердің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Конституция күніне арналған халықаралық конференция өтті

31.08.2012

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Конституция – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Конференцияға еліміздің ғалымдары, қоғам қайраткерлері қатысып отыр, баршамызға осы конференция сәтті өтсін. Кеше Астанада мемлекетіміздің үлкен мерейтойы аталып өтсе, бүгін жалғасы біздің университет қабырғасында табуда. Елбасы «Тәуелсіздік тірегі – еліміздің жүрегі» деп атап өткен болатын, бүгін арнайы келіп конференцияға қатысып отырғандарыңызға қуаныштымыз», - деді ректор өз сөзінде.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ саясаттанушылары ҚР Конституциясы аясындағы оқу саясатына қатысты сұрақтарды қарастырды

29.08.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы - жалпы еңбек қоғамын құрудың саяси-құқықтық негізі» атты «дөңгелек» үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Тренинг - семинар «Эльзивер баспасың дерек қоры»

28.08.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі депертаментімен бірлесе отырып Эльзивер баспасының: «Science Direct, Scopus дерек қорларын ғылым және білім жүйесінде қолдану» атты тренинг-семинар өткізеді. Тренинг-семинарды Эльзивер баспасының Орталық Азияның аймақтық менеджері Гамзи Кескин (аудармамен) өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Университет ұжымы тамыздық кеңесте 2012-2013 оқу жылдарының жаңа міндеттерін талқылады

27.08.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаңа оқу жылының Тамыз кеңесіне ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадамы» атты мақаласына арқау ете отырып, 2012-2013 оқу жылдарының жаңа міндеттерін талқылады. Әлеуметтік жаңғыру болғанда, барлық салада жаңғыру жүреді. Ал жоғары мектап ұжымы бұл ббастамаларға үн қосып қанай қоймай, ат салысуы басты талап. Бұл ортақ – міндет, ортақ еңбек. Оқытушы-профессорлар құрамының тамыздық кеңесуінде осылай сөз сабақтаған ректор Ғалым Мұтанов өткен оқу жылында жеткен жетістіктерді саралап, ОПҚ алдына жаңа міндеттер қойды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Green campus» жобасы жүзеге асырылады

27.08.2012

Экоинновация және энерготиімді технологияларды енгізу бойынша университетте «Green campus» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында университет аумағына макулатура жинау контейнерлері орнатылған. Сіздер барлық пайдаланылған қағаздарыңызды (А4, газеттер, журналдар, чектер және т.б.) Ректораттың артында, биология факультетінің және химия факультетінің алдында арнайы орналастырылған контейнерлерге сала аласыздар.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру! «8.30» журналының кезекті саны жарық көрді

24.08.2012

Құрметті оқытушылыр, студенттер «8.30» журналының кезекті саны жарық көрді. Бұл санындағы басты тақырып - әлеуметтік жүйелер. Бүгінде интернет қоғамда әртүрлі жүйелер бар - Facebook, Twitter, YouTube, Flickr, Google, LiveJournal, ВКонтакте, Мой мир – тек қана жеке дара біреуі ғана студенттер ресурсы болып табылады. Сол үшін редакция әлеуметтік жүйеде қысқаша курс өткізеді.

Ары қарай оқу >>