Жаңалықтар

21-22 қыркүйекте 2-ші Қайыржанов криминологиялық оқылымдары өтеді

18.09.2012

Қыркүйектің 21-22 күндері ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі замандағы криминалдық қауіптілік және тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қылмысқа қарсы қауіпсіздік стратегиялары» (2-ші Қайыржанов криминологиялық оқылымдары) тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Үміткүл Тоқмамбетова Стамбул университетінің докторанты атанды

18.09.2012

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының түлегі, т.ғ.д., профессор Қ.Т.Жұмағұловтың жетекшілігімен магистрлік диссертация қорғаған Үміткүл Тоқмамбетова тиісті емтихандарын табысты түрде тапсыра отырып, Стамбул университетінің (Түркия) PhD-докторантурасына түсті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Францияның белгілі ғалымы А. Фишлердің дәрісі басталды

17.09.2012

2012 жылдың 17 – 19 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Францияның құрметті профессоры, Академиялық Пальма орденінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері, Орталық Азия мен Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін зерттеуші көрнекті ғалым, белгілі абайтанушы Альберт Фишлер Орталық Азияның мәдениеттануы мен әдебиеттануы бойынша дәрісін бастады.

Ары қарай оқу >>

Алматы күніне арналған велошеру

17.09.2012

Табиғат берген әсем өлкеде орналасқан алып қалада 16 қыркүйек күні Алматы күні мерекесіне орай арнайы велошеру өтті. Қатысушылар жиыны әл-Фараби даңғылы, Тәттімбет көшесінің қиылысында сағат 08.42 минут кеткенде Абай даңғылына дейін жарысты.

Ары қарай оқу >>

Студенттік фотобайқауға қатысыңыз

15.09.2012

“Мен Қазақстанда демаламын” тақырыбында “Халықаралық Туризм күніне (27 қыркүйек)” арналған фотобайқау өткізіледі. Бас жүлдеге сандық фотоаппарат, екінші және үшінші орын алған студенттер алғыс хаттар және сыйлықтармен мараппатталады. Байқауға барлық студенттер қатыса алады.

Ары қарай оқу >>

Мансапты әрбір қадаммен жоспарлау

14.09.2012

Құрметті студенттер! Мансап орталығы және Лондондық ашық білім алу академиясы сіздерді «Табысты жастар - 2012-2013» жобасына қатысуға шақырады. Сонымен қатар 22 қыркүйекте 2012ж. сағ. 14:30 механика-математика факультетінің Сары залында өтетін «Мансапты әрбір қадаммен жоспарлау» атты ақысыз семинарға қатысуға шақырамыз. Бизнес-тренер - Ұлыбритания эксперті Джон Билдж мырза. Тренинг ағылшын тілінде аудармамен бірге өтеді.

Ары қарай оқу >>

Профессор Альберт Фишлер ҚазҰУ-да лекция оқиды

14.09.2012

17 – 19 қыркүйек аралығында (сағат11.00-13.00, №15 аудиторияда) Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен Франциялық ғалым, құрметті профессор, Академиялық Пальма орденінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері Альберт Фишлер «VI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі Орталық Азиядағы отырықшы және көшпелі халықтардың кездесуі», «Ортағасырлық түркі дүниесінің екі көрнекті интеллектуалы – әл-Фараби және Иасауи», «Дала: айырмашылықтар мен ұқсастықтар мекені, Қазақстан мысалында» тақырыптары бойынша дәріс оқиды. Қызығушылық білдіретін ұстаздар мен студенттердің баршасына есік ашық! Келіңіздер!

Ары қарай оқу >>

ҚАУ-да өткен конференцияға профессор Қ.Жұмағұлов қатысты

13.09.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі, Гёттинген университетінің Құрметті профессоры Қалқаман Жұмағұлов Қазақ-Америка университетінде өткізілген Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Қазақстан мен Германияның ғылым мен білім саласындағы интеграциялануының кейбір қырлары» атты пленарлық бандамасымен сөз сөйледі.

Ары қарай оқу >>

«Қала күні» мерекесіне арналған велошеру өтеді

13.09.2012

2012 жылдың 16 қыркүйегінде «Қала күні» мерекесіне арналған велошеру өткізіледі. Велошеруге қала әкімі – Ахметжан Есімов және 30-шы олимпиада ойындарының олимпиада чемпионы – Александр Винокуров қатысады. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларын, қызметкерлерін және студенттерін арнайы қала күні қарсаңында өткізіліп отырған велошеруге белсенді қатысуға шақырамыз!

Ары қарай оқу >>