Жаңалықтар

Мемлекеттік тіл болашағымыз

08.10.2012

Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Жастарымыздың қазағының қазынасы болған қазақ тіліне деген құрметі қашанда биік. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті Н.З. Ахтаева мен аға оқытушысы А.Т. Мамурованың ұйымдастыруымен «Тілдер мерекесіне» арналған №7 жатаханада «Мемлекеттік тіл болашағымыз», «Тілдер достығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тілінің тағдыры ой-талқыға салынды

08.10.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы «Тіл аптасына» орай 3 қазан күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясаты: перспективалары мен проблемалары» атты іс-шара ұйымдастырып, оның аясында мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды.

Ары қарай оқу >>

17 қазанда «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты конференция өтеді

04.10.2012

17 қазанда әл-Фараби аты

ндағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіледі. Конференция «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі: әлеуметтік-философиялық талдау» атты ҚР БҒМ іргелі зерттеулері жобасы аясында өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Амангелді шыңында

02.10.2012

2012 жылдың 30 қыркүйек күні ҚазҰУ-дың спортклубы мен география және табиғаттты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен Амангельі Иманов (1б қ.д., т.д. 3998м, Іле Алатауы) шыңына тау туризмі ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Тіл – халық жанын танудың кілті

02.10.2012

28 қыркүйек жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Бір аптаға созылған фестивальге туған тілдің тұнықтығын сақтаған, бірнеше тілді жетік меңгерген, жүзден жүйрік озып шыққан білікті де білімді жастар мен университет қызметкерлері қатысты. Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева фестиваль жеңімпаздарын дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапаттап, «Тілдер» фестивалін өткізуге ат салысқан барлық оқытушы-профессорлар құрамына ризашылығын білдірді.

Ары қарай оқу >>

Өзіңді жүрмін ән қылып...

02.10.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де тілдер мерекесіне арнап 22-28 қыркүйек аралығындағы тіл фестивалі апталығы өткізілді. Жыл сайын ұйымдастырылып, бүгінде дәстүрге айналған фести­валь­ биыл ерекше атап өтілуде.

Ары қарай оқу >>

Тіл - достықтың кілті

29.09.2012

Тіл - ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды.Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат. Тіл – қоғамның жемісі. Оның мерейін асырып, дәрежесін асқақтататын атаулы Тіл мерекесі университетте де ерекше аталып өтілді.

Ары қарай оқу >>

«Үшінші толқын» бірінші орынды алды

28.09.2012

Қыркүйек айының 26 жұлдызында ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде тіл мерекесіне байланысты «Мәдениет.kz» клубының жетекшісі филос.ғ.к., аға оқытушы, Кенжегүл Бияздыкованың ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ мәдениетіндегі тілдің үш тұғырлығы» атты факультет деңгейінде мамандықтар арасында сайыс өтті.

Ары қарай оқу >>